№47 "Ақжелкен" балабақшасында МӘМС бойынша АТЖ

08.10.2019 жылы. Бүгін "№7 қалалық емхана" қызметкерлері №47 "Ақжелкен" балабақшасының қызметкерлері арасында ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу әлі күнге дейін көптеген мәселелерді туындатады – оны не үшін енгізу қажет, ол қалай жұмыс істейтін болады және ең бастысы – кімге және медициналық сақтандыру қорына қанша төлеу керек? 

Статистикалық есептердің мәліметтері бойынша, бүгін Қазақстан тұрғындары медициналық көмек үшін өз қалтасынан Денсаулық сақтау бюджетінің үштен бір бөлігінен асатын соманы төлейді. Қатысушыларға "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі. Жаңа модель" тұсаукесер ұсынылды. Кездесу ұжымның міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы хабардар екенін, денсаулық сақтаудағы алда болатын өзгерістер туралы ақпаратты қызығушылықпен қабылдайтынын көрсетті. Азаматтарға МӘМС енгізу шеңберінде халықтың қай санатына жататынын анықтау маңызды: жеңілдікті санаттар қатарына кіретіндер, ресми жұмысқа орналасқан қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер немесе белсенді емес халықтың өкілдері болып табылады ма.

Кездесу диалог түрінде өтті. Қызметкерлер МӘМС негізгі принциптері, енгізу бойынша көптеген сұрақтарға жауап берді, одан кейін қатысушылар кітапшалар, буклеттер түрінде ақпараттық материалдар алды.

№60 "Арай" балабақшасында МӘМС бойынша АТЖ»

08.10.2019 жылы. Бүгін №60 "Арай" балабақшасында ұйым қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Емхана қызметкерлері МӘМС– әлеуметтік әділеттілік пен ынтымақтастық негізгі принциптерін енгізу туралы ақпарат берді. Енді әрбір азаматтың денсаулығын сақтау жауапкершілігі адамның өзіне, жұмыс берушіге және мемлекетке жүктеледі.

МӘМС енгізу денсаулық сақтаудың қаржылық тұрақтылығын, медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігінің жоғары деңгейін, медициналық көмектің кең пакетін қамтамасыз етеді. Кездесу "сұрақ-жауап"диалог түрінде өтті. Емхана қызметкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша тұрғындардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

Этика және деонтология бойынша «Қарым қатынасты нығайту» тақырыбында тренинг өтті

Өткен аптада №7 қалалық емханада ВОП медбикелеріне емхана психологы Саурыкова Балжан Куанышовна этика және деонтология бойынша «Қарым қатынасты нығайту» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренинг барысында медбикелерге бір - бірімен қарым қатынасты арттыру және де пациенттермен қарым қатынасты орнату жайлы айтылды. Тренингте медбикелер өте белсенді болып, соңында алғыстарын білдірді.

"Гамма" ЖШС қызметкерлері арасында МӘМС бойынша АТЖ

07.10.2019 жылы. Бүгін "№7 қалалық емхана" қызметкерлері "Гамма" ЖШС қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Емхана қызметкерлері МӘМС – әлеуметтік әділеттілік пен ынтымақтастық негізгі принциптерін енгізу туралы ақпарат берді. Енді әрбір азаматтың денсаулығын сақтау жауапкершілігі адамның өзіне, жұмыс берушіге және мемлекетке жүктеледі.

"Камаз-Инжиниринг"АҚ қызметкерлері арасында МӘМС бойынша АТЖ

07.10.2019 жылы. Бүгін "№7 қалалық емхана" қызметкерлері "Камаз-Инжиниринг" АҚ қызметкерлері арасында ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу әлі күнге дейін көптеген мәселелерді туындатады – оны не үшін енгізу қажет, ол қалай жұмыс істейтін болады және ең бастысы – кімге және медициналық сақтандыру қорына қанша төлеу керек?

Статистикалық есептердің мәліметтері бойынша, бүгін Қазақстан тұрғындары медициналық көмек үшін өз қалтасынан Денсаулық сақтау бюджетінің үштен бір бөлігінен асатын соманы төлейді. Қатысушыларға "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі. Жаңа модель" тұсаукесер ұсынылды.

Кездесу ұжымның міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы хабардар екенін, денсаулық сақтаудағы алда болатын өзгерістер туралы ақпаратты қызығушылықпен қабылдайтынын көрсетті. Кездесу диалог түрінде өтті. Қызметкерлер МӘМС негізгі принциптері, енгізу бойынша көптеген сұрақтарға жауап берді, одан кейін қатысушылар кітапшалар, буклеттер түрінде ақпараттық материалдар алды.