Клиникалық-диагностикалық зертхана
Бөлім меңгерушісі
Тарнавская Людмила Петровна
Жоғарғы санатты дәрігер-лаборант. Еңбек өтілі - 30 жыл.
Клиникалық-диагностикалық зертхана Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№7 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Зертхана Ш.Құдайбердіұлы көшесі бойынша №25, №29 үйлердегі 2 корпуста, ересектер корпусында 3 қабатта және балалар корпусында 2 қабатта орналасқан.
Клиникалық-диагностикалық зертхана гематологиялық зерттеу, жалпыклиникалық зерттеулер, цитологиялық зерттеу әдісері, гемостаз (коагулология), изосерология және т.б. диагностика саласындағы зерттеулерді жүргізеді.
Зертханада барлық өткізілетін зертханалық зерттеу сапасына күнделікті бақылау жүргізіледі. Берілетін зертханалық зерттеулердің растылығы мен уақтылылығы - зертхана қызметінің атап өтерлік ерекшелігі.
Зертхана зертханалық зерттеулерді жасау үшін қажетті отандық және шетелдік жабдықтармен жабдықталған.
Клиникалық-диагностикалық зертхананың дәрігерлері мен лаборанттары мамандар дәрежесі мен сертификаттарына ие. Зертхана мамандары алдын алу, скрининг, диагноз қою сияқты медициналық тактиканы өндіруге көмек беретін клиникалық зертханалық зерттеулердің барлық саласында шұғыл, сенімді және анық нәтижелерді алуды қамтамасыз етеді.