Акушерлік-гинекологиялық бөлімшесі

Бөлімше меңгерушісі

Берикова Алтынай Кайсарқызы

 

Әйелдер кеңесі туралы ереже 

1. Әйелдер кеңесі, халыққа амбулаториялық акушерлік-гинекологиялық көмектің барлық түрлерін көрсететін емхананың өзіндік бөлімшесі болып табылады. 

2. Акушерлік-гинекологиялық кабинеттің жұмысы осы Ережеге сәйкес ұйымдастырылады. 

3. Әйелдер кеңесінің негізгі міндеттері мыналар: 

а) бекітілген аумақтағы халыққа білікті акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету; 

б) жүктіліктің асқынуы, босанудан кейінгі кезең, гинекологиялық ауруларды болдырмауға бағытталған емдеу-алдын алу шараларын жүргізу. 

в) жүкті әйелдерді және гинекологиялық аурулардың алдын алу, диагностика жасау және емдеудің заманауи әдістерін, алдыңғы қатарлы нысандары мен амбулаториялық акушерлік-гинекологиялық көмек әдістерін жұмыс тәжірибесіне енгізу; 

г) Ана мен бала денсаулығын қорғау заңнамасына сәйкес әйелдердің әлеуметтік-құқықтық әдістерін енгізу. 

4. Әйелдер кеңесі негізгі міндеттеріне сәйкес мыналарды іске асырады: 

а) амбулаторлық қабылдау жүргізу; 

б) үйге келіп көмек көрсету; 

в) жүкті әйелдерді уақтылы амбулаторлық зерттеу, жүктіліктің асқынуы, экстрагениталдық және босанудан кейін болатын ауруларды ескерту және анықтау, сырқат бейіні (экстрагениталдық, эндокриндік аурулар, иммуноконфликт, жүктілікке төзімсіздің және т.с.с.) бойынша перзентхананың немесе басқа емдеу-алдын алу мекемелерінің жүктілер патологиясы бөлімшесіне емдеуге жатқызуды қажет ететін жүкті әйелдерді анықтау; жүкті әйелдерге диспансерлік бақылау жүргізу, оларды босануға дене және психикалық, профилактикалық дайындау; жүктілер мен босанғандар үйіне акушерлердің патронаж жасауы; 

г) әйелдерге профилактикалық гинекологиялық тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу; 

д) гинекологиялық ауруларды ерте анықтау, науқастарды уақтылы амбулаториялық зерттеу және емдеу; стационарлық емдеуді қажет ететін гинекологиялық науқастарды анықтау, оларды емдеуге жатқызу үшін дайындау; 

е) гинекологиялық науқастарды диспансеризациялау (диспансеризациялау тиісті контингенттерді уақтылы есепке алу, емдеу және сауықтыру шараларын жүргізу); 

ж) қажетсіз жүктілікті болдырмау мақсатында ұрықтануға қарсы заманауи дәрілерді қолдану; 

з) жүкті және гинекологиялық науқастарды зерттеу және емдеу басымдылығын қамтамасыз ету; перзентхана, жедел және шұғыл медициналық көмек станциялармен, емхананың соматикалық бөлімшелермен, сондай-ақ басқа емдеу-алдын алу мекемелермен (туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық, онкологиялық және т.б. диспансерлермен) жүйелік байланысты қамтамасыз ету; 

и) басқа жұмысқа ауыстыруды қажет ететіндерге медициналық көрсетілімдерді анықтау; 

к) уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы мен науқас парағын беру; 

л) МСЭК-не еңбекке жарамдылықты тұрақты жоғалтқан тұлғаны белгіленген тәртіпте бағыттау; 

м) санаториялық-курорттық емдеуге жіберуді қажет ететін гинекологиялық аурулармен ауыратын науқастарды анықтау және іріктеу; 

н) әйелдер денсаулығын қорғау жөнінде кәсіпорын мен қоғамдық ұйымдар әкімшіліктерінің өткізетін іс-шараларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу; 

о) санитариялық-атқару жұмыстарын жүргізу, санитариялық активтерді дайындау; 

п) алдын алу және емдеудің жаңа тиімді тәсілдері мен құралдарын жүйелік игеру; алдыңғы ұйымдастырушылық нысандарды тексеру және қолдану; тәжірибеге еңбекті ғылыми ұйымдастыруды енгізу. 

5.Әйелдер кеңесі, ана ретінде құқықтық қорғау тәртібінде әйелдерге әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді. 

6. Әйелдер кеңесі перзентхана, әйелдер кеңесі және аурухананың акушерлік бөлімшесін жобалау бойынша әрекеттегі көрсетілімдерге сәйкес ғимараттар жиынынан құралуы тиіс. 

7. Әйелдер кеңесінің басшылығын тікелей бас дәрігердің орынбасарлары мен емдеу-алдын алу мекемелерінің басшысына бағынатын әйелдер кеңесі меңгерушісі басқарады. Әйелдер кеңесінің меңгерушісі белгіленген тәртіпте тағайындалады. 

8. Әйелдер кеңесінің медициналық қызметкерлер штаттары әрекеттегі штаттық нормативтерге сәйкес анықталады. 

9. Әйелдер кеңесінің қызметкері әрекеттегі заңнаманы, осы Ережені, денсаулық сақтау органдарының бұйрықтары, нұсқаулары, әдістемелік және басқа да көрсеткіштерін өз жұмысында басшылық етеді. 

10. Әйелдер кеңесін медициналық аппараттар, аспаптар, қатты мүліктер мен шаруашылық мүліктермен жабдықтау белгіленген тәртіпте бекітілген нормативтерге сәйкес жүргізіледі. 

11. Әйелдер кеңесі белгіленген тәртіпте өз қызметі туралы жоспарлар мен есептерді құрады және ұсынады, тіркеу-есептеме құжаттамаларын жүргізеді. 

12. Әйелдер кеңесі ғылыми-зерттеу мекемелері мен медициналық училище дәрігерлерді жетілдіру бойынша медициналық институттың (факультеттің) клиникалық қоры болуы мүмкін.