Емдеуге жатқызу бюросы

«Жоспарлы емдеуге жатқызу бюросы» порталы мынадай екі бірінші дәрежелі қағидатты іске асыратын Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің бір бөлігі болып табылады: пациентке медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын беру және жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде көрсетілетін медициналық қызметтердің ақындылығы. 

Жоспарлы емдеуге жатқызу тетіктері

1. Стационар маманының жоспарлы емдеуге жатқызудың жоспарланып отырған күнін белгілеумен жоспарлы емдеуге  жатқызу сызбасы.

Тәуліктік стационарға емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдер болған кездеемхана маманы Емдеуге жатқызу бюросы порталындажоспарлы емдеуге жатқызу жолдамасын тіркейді және пациенте науқас туралы мәліметтерден Жоспарлы емдеуге жатқызу кодынан тұратын Жоспарлы емдеуге жатқызу талонын береді.

Стационармен болжамды емдеуге жатқызу күні белгілегеннен кейін, дәрігер науқасқа Емдеуге жатқызу жолдамасын береді. (1 – Сызба)

2. Жоспарлы емдеуге жатқызудың жоспарланып отырған күнін автоматты түрде белгілеумен емдеуге жатқызу сызбасы.

Емхана маманы жоспарлы емдеуге жатқызу жолдамасын  Емдеуге жатқызу бюросы порталында тіркейді және жоспарлы емдеуге жатқызу күні автоматты түрде Порталда белгіленеді.

Стационарға емдеуге жатқызу жолдамасы тіркелген күні беріледі. (2 – Сызба)


3. Жергілікті деңгейде емдеудің барлық әдістері пайдаланылған жағдайда ММК (мамандандырылған медициналық көмек – диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың арнаулы әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек) және ЖММК (жоғары мамандандырылған медициналық көмек –  диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың ең жаңа технологияларын пайдалануды талап ететінаурулар кезінде медициналық ұйымдарда бейінді мамандар көрсетін медециналық көмек) көрсету үшін ҒЗИ, ҒО және республикалық клиникаларға ЖММК комиссиясының (Денсаулық сақтау басқармалары арқылы) шешімі бойынша жоспарлы емдеугежатқызу сызбасу.

ММК және ЖММК  көрсету туралы оң шешім қабылдаңған жағдайда ЖММК комиссиясы жолдаманы Емдеуге жатқызу бюросы порталында тіркейді және жолдама жіберген емханаға стационарға емдеуге жатқызу жолдамасын береді.

Емхана ММК және ЖММК көрсетуге жолдама алғаннан кейін пациентке республикалық клиникаға жоспарлы емдеуге жатқызуға жіберу күні туралы хабарлайды. (3 – Сызба)

 


Емдеуге жатқызу бюросы