Күндізгі стационар
Емхананың күндізгі стационары туралы ереже
1. Емханадағы сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін 2 ауысымды 24 төсекті күндігзі стационар жіті аурулар мен созылмалы аурулардың асқынуымен ауыратын науқастарды, жүктілік патологиясы, тексеру және емдеу жасау мақсатында жоспарды емдеуге жатқызылатын науқастарды, тәулік бойы емдеу стационарынан кейін соңына дейін емдеуге науқастарды жатқызу үшін ұйымдастырылған.
2. Күндізгі стационар жұмысын бақылау ЕПЖ бойынша бас дәрігердің орынбасарына жүктелген.
3. Дәрі-дәрмектер мен таңу құралдарын сатып алу шығындары әрекеттегі есеп нормалары мен әрекеттегі заңнамаларға сәйкес белгіленеді.
4. Күндізгі стационардың жұмыс кестесі екі ауысымда сағат 8:00-ден 16:00-ге дейін.
5. Күндізгі стационарға тексеру және емдеу үшін науқастарды іріктеу және жіберуді осы бұйрықпен бекітілген тізімге сәйкес участкелік дәрігер-терапевттер, педиатрлар, басқа да мамандармен жүргізіледі.
6. Тәулік бойы медициналық бақылауды талап ететін жіті аурулар стационарға жолдама беруге қарсы көрсетілімдер болып табылады.
7. Ауру ағымы нашарлаған жағдайда, тәулік бойы медициналық бақылауды талап ететін жағдайды науқасты бірген аурухананың сәйкес бөлімшесіне ауыстыру керек.
8. Емхананың күндізгі стационарына емдеуге түскен науқастарды тіркеу үшін «Күндізгі стационар (емхананың, аурухананың) науқастарын тіркеу журналы» жүргізіледі (№0 0 1 -1/е нысаны).
9. Емхананың күндізгі стационары қызметі туралы есептер көрсетілген мерзімде және белгіленген тәртіпте ұсынылады.
10. Күндізгі стационардан науқасты шығарғанда қажетті ұсыныстары бар шығару қағазы рәсімделеді.
11. Емхананың күндізгі стационары емханада бар емдеу-диагностикалық қызметтерін өз жұмысында пайдаланады.
12. Емхананың күндізгі стационардағы науқастарды тамақтандыру жергілікті шарттарға қарай және науқастың өз есебінен шешіледі.
13. Күндізгі стационарда науқасқа төсек орын, жедел жағдайларды купирлеу үшін дәрілік құралдар беріледі.