Мамандандырылған медициналық көмек бөлімшесі
№1 мамандандырылған медициналық көмек бөлімшесі
Тар көлеміді мамандардың мамандандырылған бөлімшесі (терапиялық бейін)
Бөлім меңгерушісі
Алибекова Камшат Мажитовна
Жоғары санатты Терапевт, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Еңбек ардагері. Еңбек өтілі 43 жыл.
№1 мамандандырылған медициналық көмек бөлімшесі «№7 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бекітілген халқына мамандандырылған консультативтік-диагностикалық, емдеу көмектерін ұсыну бойынша құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлімше қызметкерлерінің кабинеттері ересектер терапиялық корпусының үш қабатында орналасқан.
Бөлімшенің функциялары, қызметтері.
1. Жіті және созылмалы аурулары бар бекітілген халыққа амбулаториялық жағдайда мамандандырылған көмек көрсету.
2. Емханада амбулаториялық қабылдауда, денсаулық жағдайы және ауру сипатына байланысты емханаға келе алмайтын науқастарды үйде емдеу-диагностикалық кеңестерін беру, көрсеткіштері бойынша емдеуге жатқызу мәселелерін шешу.
3. Бекітілген АКЖ-10 клиникалық хаттамасына сәйкес заманауи әдістер мен медициналық ғылым және техникалардың жетістіктерін қолдана отырып, пациенттерге емдеу жүргізу.
4. №7 қалалық емхананың медициналық қызметкерлеріне науқастарға диагностика жасау, емдеуге байланысты барлық сұрақтар бойынша консультативтік қолдау көрсету.
5. Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы науқастарды жоспарлы емдеуге жатқызуды жүзеге асыру.
6. Коронароангирграфияға (КАГ) пациенттерді іріктеу.
7. Науқастарға қалпына келтіру және медициналық оңалтуды қамтамасыз ету.
8. Медициналық көмекке берілген кепілді көлем шеңберінде белгілі аурумен амбулаториялық деңгейде диспансерлік есепте тұрған науқасқа жеңілдік рецепттермен уақтылы қамтамасыз ету.
9. Мамандар бойынша дәрілік препараттармен (МКБКК) қамтамасыз етудің айлық мониторингін жүргізу.
10. Науқастың уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздығы, еңбекке жарамсыздық парағын беру және ұзарту, еңбек ұсыныстары, санаториялық-курорттық емдеуге іріктеулерге сараптамаларды жүзеге асыру.
11. Бекітілген халық тіркелімін жүргізу, пациенттерді енгізу, АЕК жүйесіне сыртқы және ішкі жолдамаларды тіркеу, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган білгілеген тәртіп пен мерзімде статистикалық есептер мен есептемелерді тіркеу, статистикалық деректерді талдау.
12. Халық арасына аурудың алдын алу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, стендтерді рәсімдеу, көркем ақпараттар дайындау.
Пациенттерді тексеру, емдеу, диспансерлік бақылау ҚР ДСМ №885 бұйрығына, бекітілген АКЖ-10 хаттамасына сәйкес жүргізіледі. Бөлімше мамандары мынандай қызметтерді атқарады:
- дене салмағы индексін (ДСИ) анықтау;
- сынамасы бар глюкометрия, спирография;
- артериялық қысымды тәуліктік мониторингілеу (АҚТМ);
- электрокардиограмманы тәуліктік мониторингілеу (ХМЭГ);
- қабылдауда және үйде ЭКГ түсіру;
- жүректің УДЗ (ЭхоКГ);
- паравертебралдық блокадалар;
- «Диабета», «Инсульт», «Артериалдық гипертензия» мектептері.
№2 мамандандырылған медициналық көмек бөлімшесі
Тар көлемді мамандардың мамандандырылған бөлімшесі (педиатриялық бейін)
Бөлімше емдеу-алдын алу жұмыстары, анықталған науқастарды сауықтыру, жоспарлы және жедел емдеуге жатқызуға жолдама беру, МСЭК рәсімдеу, ПМПК жолжама беру, санитариялық-ағартушылық жұмыстарымен айналысады. Мектептер мен балабақшаларда тар көлемді мамандары бригадасымен алдын алу шараларын жүргізеді.
Бөлімше 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларға консультативтік және емдеудің мамандандырылған көмегін көрсетеді.
Бөлімшеде мынандай мамандар қызмет атқарады:
- хирург
- офтальмолог
- стоматолог
- отоларинголог
- невропатолог
- логопед
- ЕДШ дәрігері