Донорлыққа қарсы көрсеткіштер
- Жарияланды 26.04.2022 09:57
- Қаралды: 782
Қандай жағдайларда қан тапсыруға қарсы көрсеткіштер болады?
Қарсы көрсеткіштер уақытша және тұрақты (абсолютті) деп бөлінеді. Абсолютті қарсы көрсеткіштерге донорда ЖИТС, АИТВ инфекциясын тасымалдаушылық, мерез, туа біткен немесе жүре пайда болған вирустық гепатиттер, туберкулездің барлық түрлері, бруцеллез, бөртпе сүзегі, сондай-ақ паразиттік аурулары бар адамдарға қан тапсыруға болмайды. Қатерлі ісіктері бар, психикасының бұзылуынан, қан ауруларынан және ОЖЖ органикалық ауруларынан, нашақорлықтан және алкоголизмнен, сондай-ақ есту мен сөйлеу мүшелерінің аурулары бар науқастар да донор бола алмайды. Донацияға жүрек-қан тамырлары ауруларының, тыныс алу органдарының, АІЖ органдарының, бауыр мен өт жолдарының ауыр патологиялары, бауырдың, бүйректің және несеп шығару жолдарының декомпенсация сатысындағы созылмалы аурулары, сәуле ауруы бар азаматтар үзілді-кесілді жіберілмейді. Қан донорлығына абсолютті қарсы көрсетілімдер тізбесіне зат алмасуы айқын бұзылған жағдайдағы эндокриндік жүйе аурулары, көздің күрделі аурулары, терінің қабыну және инфекциялық сипаттағы бірқатар аурулары, жедел және созылмалы остеомиелит жатады. Бұл тізімге кез-келген органның резекциясы туралы хирургиялық араласудың болуы кіреді.


















