«Балалардағы Жедел респираторлы вирусты инфекцияның алдын-алу шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

12-қараша күні №7 қалалық емханасы, балалар бөлімінде «Балалар аурулары пропедевтикасы» кафедрасы меңгерушісі Бектенова Г.Е. мен ассистенті Абжанова У.C. ұйымдастыруымен 5-курс 501 және 503 ЖМ топ студенттерінің қатысуымен «Балалардағы Жедел респираторлы вирусты инфекцияның алдын-алу шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге балалармен келген ата-аналарға ЖРВИ-дың емі мен алдын-алу шаралары терең түсіндірілді. Ата-аналар өздеріне қажетті мәліметтерді алды.

Бақылау кеңесі мүшелерін тағайындау туралы байқаудың басталғаны туралы хабарламасы

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№7 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны  бақылау кеңесі мүшелерін тағайындау туралы байқаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Мекен-жайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, Ш.Құдайбердіұлы даңғылы 25,29,  тел. 30-38-42 Ресми сайты – gp7.kz

Негізгі қызметінің сипаттамасы- ішімдік пен нашақорлықтан таксикоманиядан зардап шеккен ауруларға мамандандырылған медициналық көмек.

Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:

1) денсаулық сақтау және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;