Вакцинация сұрақтары бойынша қауырт желі жұмысы туралы
- Жарияланды 27.12.2017 15:04
- Қаралды: 1073
2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында медицина қызметкерлері және ата-аналарға вакцинациялау сұрақтарына жауап және кеңес беру мақсатында «қауырт желі» өз жұмысын бастайды.
Сіздер 8-8000-700-830 телефон номеріне кез келген қалалық немесе ұялы телефон нөмірлерінен ақысыз қоңырау соға аласыз.
8.00-ден 20.00 сағатқа дейінгі Сіздердің вакцинация туралы сұрақтарыңызға біздің жоғары санатты невролог, аллерголог, педиатр және эпидемиолог мамандары жауап береді.
Көрсетілген уақыттан тыс түскен қоңырауларға мамандарымыз міндетті түрде қысқа уақытта өздері хабарласады.
Қазақстанда тұрғындарды емханаларға тіркеу науқаны қорытындыланды
- Жарияланды 22.11.2017 15:53
- Қаралды: 1031
МӘМС жүйесін енгізу аясында тек Астана қаласында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 36 мекеме 1 039 610 адамға қызмет көрсететін болады. Осы деректерге сүйене отырып, қала емханалары келесі жылға бюджетті қалыптастырады.
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетушілердің санын біршама арттыруға мүмкіндік береді. 36 емханалардың ішіндегі 22 – мемлекеттік мекеме, ал 14 – бизнес өкілдері. Барлық емханалар тіркелген тұрғындарға кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету шеңберінде қызмет көрсетеді. Осылайша, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған МӘМС жүйесі мемлекеттік емханалардың жүктемелерін қысқартып, пациенттерге көрсетілетін қызметтің сапасын көтеруге мүмкіндік береді.
Медициналық мекемелер ұсынатын қызметтің сапасын көтеруге тұрғындар тарапынан жасалатын азаматтық бақылау ықпалын тигізетін болады. Медициналық сақтандыру қоры пациенттердің медициналық қызметпен қанағаттану деңгейін анықтау үшін «МСҚ: Халықтық бақылау» мобильді қосымшасын әзірлеп шығарды.
- Мобильді қосымша арқылы тұтынушы медициналық мекеменің қызметін әртүрлі өлшемдер бойынша бағалауға мүмкіндік алады. Қосымшаны Android платформасына негізделген смартфондарға Playmarket арқылы, ал, iOS платформасы үшін AppStore арқылы жүктеп алып, қолдануыңызға болады, - дейді Астана қаласы бойынша «ӘМСҚ» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының директоры Н.Қабдықапаров.
Кіші қызметкерлерге аутотренинг, релаксация, тренинг ойындары өтті
- Жарияланды 26.10.2017 12:36
- Қаралды: 1339
26.10.2017 ж күні ШЖҚ «№7 қалалық емхана» МКК емхана психологтары Саурыкова Б.К, Орынбаева А.С кіші қызметкерлерге аутотренинг, релаксация, тренинг ойындарын жүргізді.
Тренинг барысында кіші қызметкерлер көңіл күйлері көтеріліп, өздерін еркін сезініп, ойларын еркін айтты. Тренинг соңында психологтарға үлкен алғыстарын айтты.
Тұмаудың алдын алу шаралары!
- Жарияланды 06.10.2017 18:22
- Қаралды: 1555
05.10-06.10.2017 ж №37, №38, №42 орта мектептерінде №7 емхана психологтары Абулкасимова Г.К, Жулкеева М.А, Орынбаева А.С, Саурыкова Б.К «Тұмау және тұмаудың алдын алу шаралары» тақырыбында дәріс және диктант жүргізілді. Оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың оқушы ағзасына пайдасы жайлы кеңестер айтылды.
"Жүректің ишемиялық ауруы. Жүрек қыспасы"
- Жарияланды 28.09.2017 18:50
- Қаралды: 2156
28.09.2017 жылы №7 қалалық емхананың кардиологы Н.Т.Маломановамен СӨСҚО қызметкерлері бірлесіп, Дүниежүзілік жүрек күні шеңберінде "Астана теплотранзит" АҚ қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кардиолог "Жүректің ишемиялық ауруы. Жүрек қыспасы" тақырыбына презентация көрсетті. Жүрек ауруының алдын алу, ерте диагноз қойып, емдеуге ерекше назар аударылды. Кардиологпен психолог және әлеуметтік қызметкер бірлесіп, Роузе сауалнамасы бойынша қызметкерлермен сауалнамалау жүргізді.
Емелушілерге стенокардия диагнозын қою үшін сауалнама