12 мамыр халықаралық мейірбикелер күні

12 мамыр мейірбикелер мерекесіне орай емханамызда мерекелік іс-шара аталып өтілді.Емхананың бас дәрігері Қуанышова Айгул Шалабайқызы мейірбикелерді мерекелерімен құттықттап, емхана жұмысына белсене қатысқан қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттады.Сонымен қатар мейірбикелерді емхананың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Мухамбетова Ұлжалғас Медетқызы және бас мейірбике Закарина Нұржамал Әлмұхамедқызы мерекелерімен құттықтады. Мерекелік іс-шараны Рахимжанова Феруза Асылханқызы,Туткабеков Ернұр Фазылұлы әдемі әндерімен әрлей түсті.Мейірбикелердің жұмыстарына алдағы уақытта табыс, дендеріне саулық тілейміз.

«Шаңырақ» жастар денсаулық орталығының жұмыстары

25.04.2017 жылы  №38 орта мектебінде емхана психологы  Г.К.Джаналиева және гинеколог-дәрігер Д.М.Кадыровамен бірлесіп «Қыз бала гигиенасы», «Жыныстық жолмен берілетін аурулар», «Жоспарланбаған ерте жүктіліктің алдын-алу»,атты тақырыптарға дәрістер мен трнеингтер өткізді. Жоғарыда айтылған тақырыптар 6-11 сынып аралығында жүргізілді. Интерактивті тақтамен жұмыс жасалып, слайдтар көрсетілді.Дәріс барысында мектеп оқушылары белсенді түрде қатысып, сұрақтарға жауап алып отырды. 

Психологилық жағынан сау болайық!!!

07.04.2017 ж «Босанған әйелдердің депрессиясы» жайында тренинг өткізілді. Тренингте «Босанғаннан кейінгі депрессия және оны жеңу жолдары» тақырыбында тренинг дәріс өткізілді.Тренингті өткізген Геранюшкина А.В, Саурыкова Б.К, Орынбаева А.С, Горбанева Д.Г. Қызықты тренингтер, сұрақ – жауаптар болып, соңында кішігірім сыйлықтар таратылды.Тренинг Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай өткізілді.

Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай 06.04.2017 жылы «Депрессияға қарсымыз» атты дәріс сабақ өтті. Дәрісте депрессия жайлы ақпарат, оның түрлері, онымен қалай күресу жайлы психологтардан кеңес берілді. Дәрісте қызметкерлер белсенді түрде қатысып, керемет әсер алғаны байқалды.

 

Тренингті емхана психологтары Тәнібаева Ж.Ж және Саурыкова Б.К жүргізді.

Қош келдің, «әз-Наурыз!!!!»

18 Наурыз күні «№7 Қалалық емхана» көктемнің мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті. Олар өздерінің қазақтың ұлттық (түсау кесер, қалжалау) салт-дәстүрлерінен көрініс қойып қазақтың ұлттық тағамдарынан мерекелік дастархан әзірледі. 

Мерекелік іс-шараны емханамыздың бас дәрігері Қуанышева А.Ш  құттықтау сөзімен ашты және белсенді қатысушыларға кәсіподақ ұйымның әзірлеген сыйлықтарын ұсынды. 

Наурыз мейрамы әрбір үйге бақыт, құт-береке алып келсін!