Туберкулез туралы білу қажет

  • 4
  • 5

Көктем мерекесі «Наурыз»

19 наурыз күні «№7 Қалалық емханада » әлеуметтік қызметкерлер көктемнің мерекесіне орай мерекелік іс-шара өткізді, көп балалы отбасылар және ерекше балалар шақырылды.

Бұл іс шараны аға дәрігердің орынбасарлары Татиева С.Ж. және  Акименко М. С. салтанатты түрде ашты.

Қазақтың ұлттық ойындары (асыкойнау, аркан тарту) қызықты ойнатылды.

Іс шараның соңында қазақтың ұлттық тағамдарынан мерекелік дастархан ұсынылды. Наурыз көже және тәтті тағамдар дастарханға көрік берді. Ата аналар ұйымдастырушыларға  алғыстарын білдіріп Наурыз мейрамы әрбір үйге бақыт, құт-береке алып келсін! Ізгі ниеттерін білдірді.

«Мен өмірді сүйемин!» акциясы

06.03.2018 жылы емхана психолгтары Абулкасимова Г.К, Орынбаева А.С №37 орта мектебінде «Мен өмірді сүйемин!» атты акция қарсаңында, «Туберкулездің алдын алу», «Жол қозғалыс ережелері» такырыптарында дәріс оқылды. Дәріс сұрақ – жауап түрінде жүргізілді.

Қазақстандықтар МӘМС төлемдерін онлайн тәртіпте тексере алады

Аталған мемлекеттік қызмет қазақстандықтар үшін биыл қолжетімді болады. Бұл жаңалық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту шеңберінде іске асырылады. Қызмет «электронды үкімет» порталында және Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді болады. Әрбір азамат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне өзі үшін жасалған аударымдарды қадағалау мүмкіндігіне ие болады.  

Сонымен қатар, 2018 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтарды емханаларға тіркеу бойынша мемлекеттік электрондық қызметті ұсынатын технологияны жетілдіруді жоспарлап отыр.