«Дені сау бала» кабинетінде психолог Г.К.Джаналиева жас ата-аналарға «Гипербелсенді бала» тақырыбында дәріс жүргізді
- Жарияланды 16.05.2017 12:06
- Қаралды: 1496
16.05.2017 жылы «Дені сау бала» кабинетінде психолог Г.К.Джаналиева жас ата-аналарға «Гипербелсенді бала» тақырыбында дәріс жүргізді. Дәріс барысында ата-аналар гипербелсенді бала тәрбиесіне қатысты сұрақтарына жауап алып, ризашылықтарын білдірді.
12 мамыр халықаралық мейірбикелер күні
- Жарияланды 12.05.2017 14:16
- Қаралды: 1357
12 мамыр мейірбикелер мерекесіне орай емханамызда мерекелік іс-шара аталып өтілді.Емхананың бас дәрігері Қуанышова Айгул Шалабайқызы мейірбикелерді мерекелерімен құттықттап, емхана жұмысына белсене қатысқан қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттады.Сонымен қатар мейірбикелерді емхананың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Мухамбетова Ұлжалғас Медетқызы және бас мейірбике Закарина Нұржамал Әлмұхамедқызы мерекелерімен құттықтады. Мерекелік іс-шараны Рахимжанова Феруза Асылханқызы,Туткабеков Ернұр Фазылұлы әдемі әндерімен әрлей түсті.Мейірбикелердің жұмыстарына алдағы уақытта табыс, дендеріне саулық тілейміз.
«Шаңырақ» жастар денсаулық орталығының жұмыстары
- Жарияланды 25.04.2017 13:04
- Қаралды: 1317
25.04.2017 жылы №38 орта мектебінде емхана психологы Г.К.Джаналиева және гинеколог-дәрігер Д.М.Кадыровамен бірлесіп «Қыз бала гигиенасы», «Жыныстық жолмен берілетін аурулар», «Жоспарланбаған ерте жүктіліктің алдын-алу»,атты тақырыптарға дәрістер мен трнеингтер өткізді. Жоғарыда айтылған тақырыптар 6-11 сынып аралығында жүргізілді. Интерактивті тақтамен жұмыс жасалып, слайдтар көрсетілді.Дәріс барысында мектеп оқушылары белсенді түрде қатысып, сұрақтарға жауап алып отырды.
Психологилық жағынан сау болайық!!!
- Жарияланды 07.04.2017 18:23
- Қаралды: 1190
07.04.2017 ж «Босанған әйелдердің депрессиясы» жайында тренинг өткізілді. Тренингте «Босанғаннан кейінгі депрессия және оны жеңу жолдары» тақырыбында тренинг дәріс өткізілді.Тренингті өткізген Геранюшкина А.В, Саурыкова Б.К, Орынбаева А.С, Горбанева Д.Г. Қызықты тренингтер, сұрақ – жауаптар болып, соңында кішігірім сыйлықтар таратылды.Тренинг Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай өткізілді.
Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында
- Жарияланды 06.04.2017 15:44
- Қаралды: 1324
Дүниежүзілік денсаулық күніне орай 06.04.2017 жылы «Депрессияға қарсымыз» атты дәріс сабақ өтті. Дәрісте депрессия жайлы ақпарат, оның түрлері, онымен қалай күресу жайлы психологтардан кеңес берілді. Дәрісте қызметкерлер белсенді түрде қатысып, керемет әсер алғаны байқалды.
Тренингті емхана психологтары Тәнібаева Ж.Ж және Саурыкова Б.К жүргізді.