Ағаш отырғызу!

Бүгін біздің қызметкерлер Елордамызды көгалдандыруға белсене қатысып, өз үлестерін қосты, өйткені ағаш отырғызу-игі іс!

Қатысқаны үшін барлығына алғыс айтамыз!

Назар! Тікелей эфир!

 Құрметті ата-аналар!!!

2022 жылғы 29 сәуір сағат 12:00-де "Балаларға екпе жасау", "Вакциналар жұмыс істейді" тақырыптарында Instagram платформасында тікелей эфир өткізілу жоспарлануда. Тікелей эфир сұрақ- жауап форматында өтеді. Сіздердің сұрақтарыңызға педиатрия бөлімінің меңгерушісі Омарова Айнур Муханбеталиевна жауап береді.

Парақшамызға ссылкасы https://instagram.com/emhana7

Нұр-Сұлтан қаласы әкімі ауыз ашарға сыйлықтар табысталды

Ораза ұстаған қызметкерлерге Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгіновтен ауыз ашарға сыйлықтар табысталды.

Қызметкерлердің атынан қала әкіміне алғысымызды білдіреміз, зор денсаулық пен амандық тілейміз!

Қаншалықты жиі қан тапсыруға болады

Еуразиялық иммундау апталығы аясында

2022 жылы 28 сәуірде №7 емханада Еуразиялық иммундау апталығы аясында балалар және ересектер корпустарында денсаулық бұрышы ұйымдастырылды. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін иммундаудың маңыздылығы туралы  халықтың ақпараттық деңгейін бағалау мақсатында сауалнама жүргізілді.

Сауалнаманы 120-ға жуық адам толтырды. Сондай-ақ, СӨС дәрігері мен емхананың медбикелері келушілермен консультациялар, әңгімелесулер жүргізді. Вакциналарды егудің маңыздылығы туралы ақпараттық брошюралар таратылды.