Профилактикалық флюоро тексеру аяқталды
- Жарияланды 10.10.2019 18:07
- Қаралды: 701
10.10.2019 жыл. Бүгін 7 емхана қызметкерлерімен Қаз АТУ студенттерінің профилактикалық флюоро тексеруі аяқталды.
Іс-шара 23.09.2019 жылы басталған "Тоқта туберкулез!" акциясы шеңберінде өткізілді. Студенттер арасында сауалнама жүргізіліп, әңгімелесулер өткізіліп, туберкулездің алдын алу бойынша парақшалар мен кітапшалар таратылды.
"Deloitte "ЖШС қызметкерлері арасында МӘМС бойынша АТЖ»
- Жарияланды 10.10.2019 17:41
- Қаралды: 719
10.10.2019 жылы. Бүгін №7 қалалық емхана қызметкерлері "Deloitte" ЖШС қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесуде ұжымның міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы хабардар екенін және денсаулық сақтаудағы алда болатын өзгерістер туралы ақпаратты қызығушылықпен қабылдайтынын көрсетті.
Қызметкерлер МӘМС енгізу, негізгі принциптері бойынша сұрақтарға жауап берді, одан кейін қатысушылар кітапшалар, бүктемелер түрінде ақпараттық материал алды. Кездесу диалог түрінде өтті.
№49 "Алтынай" балабақшасында МӘМС бойынша АТЖ»
- Жарияланды 10.10.2019 15:26
- Қаралды: 717
10.10.2019 жыл. Бүгін №49 "Алтынай" балабақшасында ұйым қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. №7 қалалық емхана қызметкерлері МӘМС енгізу және негізгі принциптері туралы ақпарат берді.
Енді әрбір азаматтың денсаулығын сақтау жауапкершілігі адамның өзіне, жұмыс берушіге және мемлекетке жүктеледі. МӘМС енгізу денсаулық сақтаудың қаржылық тұрақтылығын, медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігінің жоғары деңгейін, медициналық көмектің кең пакетін қамтамасыз етеді.
Емхана қызметкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша тұрғындардың көптеген сұрақтарына жауап беріп, тыңдаушылар ақпараттық-білім беру материалын алды. Кездесу диалог түрінде өтті.
"Тоқта туберкулез!» акциясы шеңберінде іс-шара өтті
- Жарияланды 08.10.2019 14:01
- Қаралды: 759
08.10.2019 жылы. Бүгін "№7 қалалық емхана" қызметкерлері ҚазАТУ студенттерінің профилактикалық флюро тексеруін жалғастырды. Іс-шара "Тоқта туберкулез!" акциясы шеңберінде өткізілді.
Студенттермен әңгімелесу, сауалнама жүргізіліп, туберкулездің алдын алу және 2020 жылдың қаңтарында бастайтын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы жадынамалар таратылды.
№50 "Жұлдыз" балабақшасында МӘМС бойынша АТЖ
- Жарияланды 08.10.2019 13:02
- Қаралды: 776
08.10.2019 жылы "№7 қалалық емхана" қызметкерлермені міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша 40 станцияда №50 "Жұлдыз" балабақшасының қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қызметкерлер МӘМС негізгі принциптері, енгізу бойынша көптеген сұрақтарға жауап берді, одан кейін қатысушылар брошюралар, буклеттер түрінде ақпараттық материал алды.