КВИ – ден және коронавирустық инфекцияның барлық зардаптарынан қорғау вакцинация болып табылады

9 тамыздағы жағдай бойынша Нұр-сұлтан қаласы ғана «сары» аймақта орналасқан. Барлық қалған өңірлер – «жасыл» аймақта. Естеріңізге сала кетейік, КВИ – ден және коронавирустық инфекцияның барлық зардаптарынан қорғау вакцинация болып табылады.

Коронавирустық инфекциямен ауырған адамдардың 20% 12 аптаға немесе одан да көп уақытқа созылатын ұзақ мерзімді симптомдардан зардап шегеді.

Пандемияның 2 жылы ішінде постковидтік симптомдар арасында келесілер тіркелді:

– иіс сезу қабілетінен айырылу және иіс пен дәмнің бұрмалануы;

– семдіретін әлсіздік;

 

– шаш пен тістің түсуі, сондай-ақ жақ қуысында кистозды түзілістер пайда болуы; ентігу;

– бас ауруы және буындар мен бұлшықеттердегі ауырсыну сезімі;

– қысым мен тамыр соғысындағы күрт өзгерістер;

– дене қызуының ұзақ уақыт бойы көтерілуі немесе түсуі;

– асқазан-ішек жолдарының бұзылуы және іш өту;

– бөртпе, есекжем немесе капиллярлық тор түріндегі тері реакциялары.

Постковидтік симптомдардың ең кең таралғандарының бірі – когнитивтік функциялардың бұзылу. Есте сақтау және жұмыс жасау қабілеттерінің төмендеуіне қоса кеңістікте бағыттан адасу, ұйқының бұзылуы, асқан үрейлілік пен байбалам салу (паникалық шабуыл) орын алуы мүмкін.