"Отбасындағы жыныстық тәрбие. Қыз баланың жыныстық жетілуі. Ерте жүктіліктің алдын алу." тақырыбында дәріс өткізілді
- Жарияланды 21.02.2020 16:16
- Қаралды: 735
2020 жылдың 21 ақпанында №7 ҚЕ "Шаңырақ" МДО гинеколог дәрігері №37 мектеп-гимназиясының жоғарғы сынып оқушыларына дәріс өткізді. Дәріс тақырыбы: "Отбасындағы жыныстық тәрбие. Қыз баланың жыныстық жетілуі. Ерте жүктіліктің алдын алу." Балалардың жыныстық тәрбиесі адамның жеке басын дамыту үшін қажет, себебі бұл тек биологиялық, физиологиялық ұғым ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік ұғым. Жыныстық айырмашылықтар туралы білім жыныстық тәрбиенің шарты болып табылады және оның мазмұнын анықтайды. Дәріс кезінде оқушылар әйел ағзасының ерекшеліктері, жыныстық жетілу кезеңі және оның қалай өтетіні туралы, жыныс саласы ауруларының алдын алу туралы білді. Іс-шара "Сұрақ-жауап" диалогы түрінде өтті.
"Жатыр мойны обыры. Ерте диагностика. Емдеудің заманауи әдістері." тақырыбында дәрігерлерге арналған семинар өткізілді
- Жарияланды 10.02.2020 17:52
- Қаралды: 598
2020 жылдың 10-шы ақпанында №7 қалалық емханада дәрігерлерге арналған ""Жатыр мойны обыры. Ерте диагностика. Емдеудің заманауи әдістері" тақырыбында семинар өтті. Семинарды онколог дәрігер өткізді. Семинар "Онкологиялық аурулармен күресу бойынша онкүндік" шеңберінде өткізілді.
Емхана қызметкерлері «Біз біргеміз» акциясына белсенді қатысты
- Жарияланды 01.02.2020 17:09
- Қаралды: 578
№7 қалалық емхана қызметкерлері 1-ақпан күні "Біз біргеміз" акциясына белсене қатысты. Қызметкерлер емхана аумағындағы қарды тазартты. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!
Емхана қызметкерлеріне коронавирустық инфекция бойынша семинар өткізілді
- Жарияланды 31.01.2020 12:23
- Қаралды: 583
31.01.2020 жылы №7 қалалық емханада коронавирустық инфекция бойынша қызметкерлерге арналған семинар өтті.Семинарды эпидемиолог дәрігер өткізді. Іс-шара тақырыбы бойынша қысқаша ақпарат. Коронавирус - интоксикация синдромымен және тыныс алу немесе ас қорыту жолдарының катаральдарымен көрінетін жедел респираторлық инфекцияның қоздырғышы. Патология әдетте ринофарингит немесе гастроэнтерит түрінде жүреді. Коронавирус алғаш рет өткен ғасырда жедел ринитпен ауыратын науқастан, ал бірнеше жылдан кейін гастроэнтеритпен ауыратын балалардың ішек қозғалыстарынан ажыратылды. Коронавирустық инфекция әдетте қатерсіз ағымы бар, бірақ сирек жағдайларда өкпенің альвеолярлы аппаратының зақымдануымен атипті пневмонияның дамуымен асқынуы мүмкін.
МӘМС бойынша кезекті кеңес пен түсіндірме жұмыстары жүргізілді
- Жарияланды 29.01.2020 10:26
- Қаралды: 593
№7 қалалық емхана қызметкерлері қалалық Көші-қон қызметі басқармасында халық арасында МӘМС бойынша кезекті кеңес беру және түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кеңес диалог түрінде өткізілді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру принциптері және оны енгізу бойынша мәселелер қозғалды, халыққа буклеттер, кітапшалар ұсынылды.
Тағы мақалалар...
- "Жатыр мойны обыры. Ерте диагностика. Емдеудің заманауи әдістері." тақырыбында дәрігерлерге арналған семинар өткізілді
- Қалалық Көші-қон қызметі басқармасында халық арасында МӘМС бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
- МӘМС туралы
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті