Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай
- Жарияланды 13.03.2023 15:57
- Қаралды: 577
2023 жылдың 13 наурызында №7 емханада Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орайластырылған «Өзіңді туберкулезден қорға!» айлығы аясында Ашық есік күні өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындарды туберкулездің таралу проблемасы туралы хабардар ету.
Емханың фтизиатр дәрігері пациенттерді қабылдап, әңгімелесу жүргізді. Сондай ақ, CӨС дәрігерімен және әлеуметтік қызметкерлермен бірге туберкулездің таралу факторлары мен алдын алу бойынша ақпараттық парақшалар таратылды. Емханада тақырыптық бұрыш ұйымдастырылды.
Назар! Хабарландыру!
- Жарияланды 10.03.2023 11:46
- Қаралды: 565
Құрметті емделушілер!!!
№ 7 Қалалық емхана әкімшілігі сіздерді Бүкіл әлемдік Туберкулезге қарсы күрес айлығына байланысты емхананың ересектер және балалар корпусында 13 наурыз күні сағат 8:00-ден 14:00-ге дейін Ашық есік күні өтетінін хабарлайды.
Сол күні:
- Фтизиатр дәрігерінің қарауы және консультациясы
- Туберкулез ауруының алдын –алу бойынша ақпараттық –білім беру материалын аласыз.
Назар! Хабарландыру!
- Жарияланды 01.02.2023 13:26
- Қаралды: 572
Құрметті емделушілер! Біз бекітілген халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мәселелері жөніндегі жиналысқа шақырамыз.
Тұрғындардың сұрақтарына ФОМС және Астана қаласы әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері жауап береді.
Мекен-жайы: Астана қ., Ш.Құдайбердіұлы даңғылы 29, конференц-зал.
Күні: 2 ақпан, уақыты: 15:00
Аманат партиясы мүшелерінің жиналысы өтті
- Жарияланды 30.01.2023 14:19
- Қаралды: 662
Бүгін №7 қалалық емхана базасында Сайлаушы-6 партиялық тобының Аманат партиясы мүшелерінің жиналысы өтті. Күн тәртібінде мынадай мәселелер болды:
1) Астана қаласы "АМАNАТ" партиясының "Алматы" аумақтық аудандық филиалының кезектен тыс XXXVI конференциясына делегаттарды сайлау;
2) БПҰ төрағасының 2022 жылғы есебі;
3) БПҰ төрағасын сайлау;
4) 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту;
5) Партия мүшелерін салыстыру және 2023 жылғы жарналарды төлеу;
6) Партияның жаңа мүшелерін қабылдау;
7) Әртүрлі.
Назарларыңызға алыңыздар! Хабарландыру!
- Жарияланды 16.01.2023 12:42
- Қаралды: 585
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 418 бұйрығына сәйкес Пациент пен медициналық ұйым арасында жасалатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсету жөніндегі бекітілген үлгілік Шартпен танысуды сұраймы.














