«Денсаулық» акциясы өтті
- Жарияланды 13.03.2021 14:45
- Қаралды: 488
13.03.2021 ж., «№7 қалалық емханада», «Денсаулық» акциясы өткізілді, (Чек-ап) акцияға көп балалы ата-аналар мен медициналық тексеріс ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты...
Акцияға қатысушылар бірқатар клиникалық-зертханалық диагностикалық және аспаптық тексерулерден өтті. Сонымен қатар, пациенттерді мамандандырылған мамандар қарады, емдеу және диагностикалық тексерулерге ұсыныстар берілді.
Салауатты өмір салты жәйлі сұрақ-жауапты салауатты өмір салтын емдеу дәрігері Г.Е.Таймаханова жүргізді. Психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер бұл салада белсенділік танытты.