Құрметті тұрғындар!!!
- Жарияланды 27.03.2021 09:49
- Қаралды: 483
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№7 қалалық емхана" ШЖҚ МКК әкімшілігі, Сіздерден ЖРВИ (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, тамақтың жыбырлауы, жөтел, қалтырау, бұлшықеттердің сырқырауы, иіс пен дәмнің жоғалуы, ентігу) белгілері пайда болған жағдайда үй жағдайында өзін-өзі емдемеуді сұрайды.
Жоғарыда аталған белгілер пайда болған кезде:
1) фильтр кабинетіне- ересектер ғимаратының 115 кабинетіне жүгіну (бүйіржағынан кіресіз):
(08:00 нен 18:00ге дейін)
2) учаскелік дәрігерге немесе мейірбикеге хабарлау қажет; (участок дәрігері мен мейірбике байланыс номерлерін көрсету) (08:00 нен 18:00ге дейін)
3) Егер Сіз емханаға жете алмаған жағдайда және учаскелік дәрігерге хабарласа алмаған жағдайда, 79-36-21 нөмірі бойынша (сағат 08:00 мен 18:00 аралығы) тіркеу бөлімі арқылы қоңырау шалып, мобильді бригаданы үйге шақыруды рәсімдей аласыз;
4) жағдайыныңыз күрт нашарлаған кезде (сағат 18:00 мен 08:00 аралығы) 103-ке қоңырау шалыңыз.