Балалар жылын өткізу шеңберінде

ҚР-да балалар жылын өткізу шеңберінде 2022 жылы 20 мамырда сағат 8:00-ден 17.00-ге дейін балаларға арналған Ашық есік күні өткізілді.

Емхана дәрігерлері (офтальмолог, невропатолог, психолог, стоматолог, ортопед, реабилитолог) пациенттермен консультация жүргізіп, әңгімелесу өткізді. 700 адам қамтылды.

Балалар жылын жүзеге асыру аясында

Бүгін ЛФК кабинетінде психологтар салауатты өмір салтын ұстанатын дәрігермен бірлесіп, Қазақстан Республикасындағы Балалар жылын жүзеге асыру аясында балаларға логарифмдеу, тыныс алу жаттығуларын және қолдың ұсақ моторикасын дамыту жұмыстарын жүргізді. Іс шараға 15 бала қатысты.

Назар! Сауалнама!

Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.

Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.

http://m.egov.kz/survey/

Балаларға арналған «Ашық есік күні» өткізіледі

2022 жылы Қазақстан Республикасындағы Балалар жылын іске асыру шеңберінде 2022 жылдың 20 мамыры – балаларға арналған «Ашық есік күні» өткізіледі.

Балаларды қабылдау 7-ші емхананың балалар ғимаратында жүзеге асырылады:

1. Невропатолог 09.00-дан 16.00-ге дейін. 304 кабинет

2. Көз дәрігері  08.00-дан 13.00-ге дейін 201 кабинет

3. Тіс дәрігері 09.00 – дан -16.00- ге дейін, 205 кабинет

4. Психолог 09.00 – дан - 16.00- ге дейін, 313 кабинет

5. Реабилитолог 09.00-ден 16.00-ге дейін 301 кабинет

Республикалық референдум