Балаларды қорғау күніне балаларға арналған Ашық есік күні өтті
- Жарияланды 01.06.2022 17:15
- Қаралды: 431
01.06.2022 ж. №7 емханада Балаларды қорғау күніне балаларға арналған Ашық есік күні Мереке 14 мекен-жайында «Интернациональный» тұрғындары үшін өткізілді. Емхана дәрігерлері (офтальмолог, невропатолог, психолог, стоматолог) пациенттермен консультациялар, әңгімесулер өткізді. 0-18 жас аралығындағы балалар профилактикалық тексеруден өтті.
Түрлі-түсті шарлармен безендірілген бас корпусының емхананың балалар ғимаратының холында психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер осы күні емханаға келген ата-аналар және балалармен флешмоб өткізді. Аниматорлармен ойын-сауық ойындары, асфальтта сурет салу конкурсы, ата-аналармен шағын тренингтер өткізілді. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар, жаднамалар таратылды. Қатысушылар емхана әкімшілігіне көңіл бөлгені, мейірімділігі, жылы шырайлы қарым-қатынасы үшін алғыстарын білдірді.