Туберкулезге қарсы күресу бойынша "Тоқта туберкулез!" акциясы шеңберінде!

27-28.09.2019 жылы. Туберкулезге қарсы күресу бойынша "Тоқта туберкулез!" акциясы шеңберінде "№7 қалалық емхана" қызметкерлерімен "Аружан" СҮ аумағында СҮ аумағына іргелес тұрғын үй кешендерінің тұрғындары үшін жылжымалы флюорографта профилактикалық флюорографиялық тексеру жүргізілді. 

Емхана қызметкерлері туберкулездің алдын алу және МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, атап айтқанда сауалнама жүргізуді, әңгімелесуді және кеңес беруді, парақшалар мен брошюраларды таратуды жалғастыруда.

АББ

АББ-бұл денсаулық сақтау шығындарын азайтуға және интеграцияланған көмек көмегімен аурудың салдарын болдырмау немесе азайту жолымен созылмалы аурулары бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған Бағдарлама. 

Сонымен қатар, АББ – бұл өзіне-өзі көмек/өзін-өзі басқару бойынша күш салуға болатын жағдайлары бар пациенттердің белгілі бір топтарына арналған үйлестірілген медициналық араласулар мен коммуникация жүйесі. Мұндай бағдарлама жеке тұлғаларға басқа медициналық қызмет көрсетушілермен бірге өзінің ауруын басқаруға және асқынуды болдырмауға мүмкіндік береді.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманының қатысуымен, этика және деонтология мәселелері бойынша семинар өткізілді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№7 қалалық емхана" МКК-да Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Б.А.Ташмакованың қатысуымен, этика және деонтология мәселелері бойынша семинар өткізілді. Осы іс-шара аясында медицина қызметкерлерімен тренинг өткізілді. Медицинадағы деонтология мен этика әрқашан үлкен мәнге ие болды. Бұл емдеу мекемелері қызметкерлерінің жұмыс ерекшелігіне байланысты. 

Медициналық этика және деонтология негіздері

Қазіргі уақытта өзара қарым-қатынас проблемасы (еңбек ұжымының ішінде де, пациенттермен де) ерекше мәнге ие болды.

Медициналық деонтология аспектілері:

• медицина қызметкерлерінің науқастармен қарым-қатынасы;

• медицина қызметкерлерінің науқастың туыстарымен қарым-қатынасы;

• медицина қызметкерлерінің өзара қарым-қатынасы.

"Туберкулездің алдын алу" тақырыбында семинар өткізілді

Медицина қызметкерлерінің білімін жетілдіру мақсатында, №7 қалалық емханада "Туберкулездің алдын алу", "ҚР ДСМ 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №994 "Туберкулез бойынша медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру нұсқаулығын бекіту туралы" тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында "Туберкулезді анықтау,диагностикалау, алдын алу және емдеу сияқты мәселелер қозғалды. Туберкулез қызметі бойынша есепке алу-есеп беру құжаттары. Халыққа профилактикалық егуді және басқаны өткізу туралы. 23.09.2019 жылы басталған "Тоқта туберкулез!" акциясы шеңберінде іс-шара өткізілді.

"Бахус" дүкенінің аумағында жылжымалы флюорографта халықты профилактикалық флюорографпен тексеру»

"№7 қалалық емхана" қызметкерлері "Бахус" дүкенінің аумағында жылжымалы флюорографта профилактикалық флюоротексеру жүргізілді. Флюорографиялық зерттеуден басқа, 2020 жылдың қаңтарынан бастап, халықпен туберкулездің алдын алу, жыл сайын флюорографиялық тексеру қажеттілігі және алдағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы әңгіме жүргізілді. Іс-шара "Тоқта туберкулез" акциясы аясында өткізілді.