Қазақстан агротехникалық университеті студенттерінің профилактикалық флюоротексеруі

01.10.2019 жылы. Бүгін "№7 қалалық емхана" қызметкерлері Қазақстан агротехникалық университетінің студенттеріне жылжымалы флюрографта профилактикалық флюотексеруін жүргізді. 23 қазанда басталған іс-шара, "Тоқта туберкулез!" акциясы шеңберінде өткізілді. Флюорографиялық зерттеуден басқа студенттермен туберкулездің алдын алу туралы әңгімелесулер, осы ауру туралы хабардар болу және алдағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы сауалнама жүргізілді. (МӘМС). Студенттер туберкулездің алдын алу бойынша ақпараттық-білім беру материалын алды.

Туберкулезге қарсы күресу бойынша "Тоқта туберкулез!" акциясы жалғасуда!

29.09.2019 жылы. Туберкулезге қарсы күресу бойынша "Тоқта туберкулез!" акциясы жалғасуда! 

"№7 қалалық емхана" қызметкерлері Промышленный ауылында жылжымалы флюорографта тұрғындарды флюоро тексеруден өткізді. Туберкулездің алдын алу және МӘМС бойынша сауалнама, әңгімелесулер, кеңестер, жадынамалар тарату жүргізілді. Тұрғындар іс-шараға белсенді қатысып, олардың денсаулығына деген қамқорлығы үшін алғыс білдіреді.

Туберкулезге қарсы күресу бойынша "Тоқта туберкулез!" акциясы шеңберінде!

27-28.09.2019 жылы. Туберкулезге қарсы күресу бойынша "Тоқта туберкулез!" акциясы шеңберінде "№7 қалалық емхана" қызметкерлерімен "Аружан" СҮ аумағында СҮ аумағына іргелес тұрғын үй кешендерінің тұрғындары үшін жылжымалы флюорографта профилактикалық флюорографиялық тексеру жүргізілді. 

Емхана қызметкерлері туберкулездің алдын алу және МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, атап айтқанда сауалнама жүргізуді, әңгімелесуді және кеңес беруді, парақшалар мен брошюраларды таратуды жалғастыруда.

АББ

АББ-бұл денсаулық сақтау шығындарын азайтуға және интеграцияланған көмек көмегімен аурудың салдарын болдырмау немесе азайту жолымен созылмалы аурулары бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған Бағдарлама. 

Сонымен қатар, АББ – бұл өзіне-өзі көмек/өзін-өзі басқару бойынша күш салуға болатын жағдайлары бар пациенттердің белгілі бір топтарына арналған үйлестірілген медициналық араласулар мен коммуникация жүйесі. Мұндай бағдарлама жеке тұлғаларға басқа медициналық қызмет көрсетушілермен бірге өзінің ауруын басқаруға және асқынуды болдырмауға мүмкіндік береді.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманының қатысуымен, этика және деонтология мәселелері бойынша семинар өткізілді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№7 қалалық емхана" МКК-да Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Б.А.Ташмакованың қатысуымен, этика және деонтология мәселелері бойынша семинар өткізілді. Осы іс-шара аясында медицина қызметкерлерімен тренинг өткізілді. Медицинадағы деонтология мен этика әрқашан үлкен мәнге ие болды. Бұл емдеу мекемелері қызметкерлерінің жұмыс ерекшелігіне байланысты. 

Медициналық этика және деонтология негіздері

Қазіргі уақытта өзара қарым-қатынас проблемасы (еңбек ұжымының ішінде де, пациенттермен де) ерекше мәнге ие болды.

Медициналық деонтология аспектілері:

• медицина қызметкерлерінің науқастармен қарым-қатынасы;

• медицина қызметкерлерінің науқастың туыстарымен қарым-қатынасы;

• медицина қызметкерлерінің өзара қарым-қатынасы.