№49 "Алтынай" балабақшасында МӘМС бойынша АТЖ»
- Жарияланды 10.10.2019 15:26
- Қаралды: 717
10.10.2019 жыл. Бүгін №49 "Алтынай" балабақшасында ұйым қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. №7 қалалық емхана қызметкерлері МӘМС енгізу және негізгі принциптері туралы ақпарат берді.
Енді әрбір азаматтың денсаулығын сақтау жауапкершілігі адамның өзіне, жұмыс берушіге және мемлекетке жүктеледі. МӘМС енгізу денсаулық сақтаудың қаржылық тұрақтылығын, медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігінің жоғары деңгейін, медициналық көмектің кең пакетін қамтамасыз етеді.
Емхана қызметкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша тұрғындардың көптеген сұрақтарына жауап беріп, тыңдаушылар ақпараттық-білім беру материалын алды. Кездесу диалог түрінде өтті.