№60 "Арай" балабақшасында МӘМС бойынша АТЖ»
- Жарияланды 08.10.2019 12:37
- Қаралды: 729
08.10.2019 жылы. Бүгін №60 "Арай" балабақшасында ұйым қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Емхана қызметкерлері МӘМС– әлеуметтік әділеттілік пен ынтымақтастық негізгі принциптерін енгізу туралы ақпарат берді. Енді әрбір азаматтың денсаулығын сақтау жауапкершілігі адамның өзіне, жұмыс берушіге және мемлекетке жүктеледі.
МӘМС енгізу денсаулық сақтаудың қаржылық тұрақтылығын, медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігінің жоғары деңгейін, медициналық көмектің кең пакетін қамтамасыз етеді. Кездесу "сұрақ-жауап"диалог түрінде өтті. Емхана қызметкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша тұрғындардың көптеген сұрақтарына жауап берді.