Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті
- Жарияланды 12.12.2019 17:25
- Қаралды: 949

2019 жылғы 12 желтоқсанда Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№7 қалалық емхана" МКК-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өткізілді. Емхана басшысы ұжымды мерекемен құттықтады. Мереке қарсаңында дәрігер рентгенолог Жорағат Молдабайұлы Молдабаев "Еңбек ардагері" медалімен, хирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Адайұлы Құсаинов "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" медалімен марапатталды, дәрігер рентгенолог Балтабай Хамзиұлы Төлегенов емхана әкімшілігінің алғыс хатымен марапатталды.
«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ
- Жарияланды 21.11.2019 07:05
- Қаралды: 947
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен «Параграф» ақпараттық желілік басылымы және Zakon.kz желісімен бірлесіп 2019 жылдың 22 қарашасында сағат 17:00-де Кенесары к-ші, 32 мекенжайында орналасқан «Астана» концерт залының ғимаратында (бұрынғы Конгресс-холл) «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өткізіледі.
Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін ұсыну. Кез-келген азамат еліміздің құқықтық қоғамдастығының үздік өкілдерінен қажетті кеңес ала алады.
Олардың арасында - прокуратура мен сот органдарының қызметкерлері, сондай-ақ бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың заңгерлері бар.
Жоғары білікті заң көмегін алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!
АНЫҚТАМА ТЕЛЕФОНДАРЫ: 72-66-14, 8-705 659 4405
Қазақстан Республикасында Ауруларды басқару бағдарламасы
- Жарияланды 29.10.2019 12:20
- Қаралды: 1231
Қазақстанда созылмалы ауруларды емдеуді жақсарту, аурудың асқынуын азайту, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған Ауруларды басқару бағдарламасы (бұдан әрі – АББ) енгізілуде. АББ-ға артериялық гипертензия, созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі және қант диабеті сияқты аурулар кіреді.
Ауруларды басқару бағдарламасының негізгі құрамдас бөлігі созылмалы аурулары бар ақпараттандырылған, белсенді адамның емхана қызметкерлерімен, яғни түрлі мамандықтағы дәрігерлер мен мейіргерлермен, әлеуметтік қызметкерлермен, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары және психологтармен - мультитәртіптік командамен тиімді түрде өзара әрекеттесуі болып табылады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі-бұл денсаулық сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі
- Жарияланды 25.10.2019 15:53
- Қаралды: 1148
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі-бұл денсаулық сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұратын жеріне және табысына қарамастан, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен медициналық және дәрілік көмекке тең қол жеткізуге кепілдік береді.
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" заң 2015 жылғы 16 қарашада қабылданды. Заңнамаға сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін МӘМС үшін аударымдарды тек жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін қызметкердің табыстарынан 1,5% мөлшерінде жүргізеді. Бұл ретте жұмыс берушілер қызметкердің есептеу үшін қабылданатын табыстары ЕТЖ-ның 10 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс екенін ескеруі қажет. 2020 жылдан бастап барлық қалған санаттар жарналарды төлей бастайды.
МӘМС НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ:
1. Өз денсаулығын нығайту және халықтың денсаулығын сақтау ауыртпалығын бөлу жолымен қоғамдық ынтымақтастыққа қол жеткізу.
2. Сыртқы факторларға және шығындардың өсуіне, сондай-ақ жүйенің ашықтығы мен әділдігін құру есебінен жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
3. Жүйенің жоғары құзыреті мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, қызметтердің қол жетімділігінің, толықтығы мен сапасының түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу арқылы жүйенің тиімділігін арттыру














