№52 мектептің 8-сынып оқушыларына туберкулездің алдын алу бойынша дәріс өтті
- Жарияланды 28.02.2020 12:56
- Қаралды: 620
№7 қалалық емхананың ММБ қызметкерлері №52 мектептің 8-сынып оқушыларына туберкулездің алдын алу бойынша дәріс өткізді. Іс-шара Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған "Өзіңді туберкулезден қорға!" атты айлығы шеңберінде өткізілді. Туберкулез - адамның ішкі органдарын қысқа ғана уақыт аралығында түгелдей дерлік бұзатын ауру. Көп жағдайда микробактериялар өкпені зақымдайды. Туберкулездің қоздырғышы - туберкулез таяқшалары болып табылады, олар қақырықта және туберкулез жұқтырған адамның зәрінде жиі кездеседі. Ауруды жұқтырудың алдын алу үшін аурудың алдын алудың жалпы қабылданған ережелерін ұстану қажет.Іс-шара "Сұрақ-жауап" диалогы түрінде өтті. Іс-шара соңында оқушыларға ақпараттық материалдар берілді.