"Отбасындағы жыныстық тәрбие. Қыз баланың жыныстық жетілуі. Ерте жүктіліктің алдын алу." тақырыбында дәріс өткізілді
- Жарияланды 21.02.2020 16:16
- Қаралды: 735
2020 жылдың 21 ақпанында №7 ҚЕ "Шаңырақ" МДО гинеколог дәрігері №37 мектеп-гимназиясының жоғарғы сынып оқушыларына дәріс өткізді. Дәріс тақырыбы: "Отбасындағы жыныстық тәрбие. Қыз баланың жыныстық жетілуі. Ерте жүктіліктің алдын алу." Балалардың жыныстық тәрбиесі адамның жеке басын дамыту үшін қажет, себебі бұл тек биологиялық, физиологиялық ұғым ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік ұғым. Жыныстық айырмашылықтар туралы білім жыныстық тәрбиенің шарты болып табылады және оның мазмұнын анықтайды. Дәріс кезінде оқушылар әйел ағзасының ерекшеліктері, жыныстық жетілу кезеңі және оның қалай өтетіні туралы, жыныс саласы ауруларының алдын алу туралы білді. Іс-шара "Сұрақ-жауап" диалогы түрінде өтті.