Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған және көпбалалы аналарға арналған Ашық есік күні өтті
- Жарияланды 22.02.2020 19:29
- Қаралды: 625
22.02.2020. Бүгін №7 қалалық емханада ерекше балаларды тәриелеп отырған және көпбалалы аналарға арналған Ашық есік күні өтті. Келесі мамандардың кеңес беруі ұйымдастырылды: терапевт, невропатолог, эндокринолог, гинеколог, кардиолог, маммолог, онколог, психолог және әлеуметтік қызметкерлер, рентгенологиялық, ультрадыбыстық және зертханалық диагностика жүргізілді. Консультативтік қабылдауда аналар 100-ден аса медициналық қызмет алды және қажет болған жағдайда бірден бірнеше мамандардан өтті. Бұндай іс-шаралар отбасылардың қысқа мерзімде медициналық тексеруден тез әрі ыңғайлы өтулеріне, анықталған ауруларды емдеу бойынша және салауатты өмір салты бойынша ұсыныстар алуға көмектеседі.