21 қыркүйек Жалпы қалалық сенбілік
- Жарияланды 23.09.2019 15:41
- Қаралды: 985

21 қыркүйекте 7 емхана ұжымы жалпы қалалық сенбілікке қатысты.
Қызметкерлер емхана.аумағындағы қоқыстарды жинады.
Тамаша ауа-райы көңіл-күй мен еңбек етуге ықпал етті.
Емхана қызметкерлері ұжымдық жұмыс кезінде қоршаған ортаға ұқыпты және жауапкершілікпен қарау қалыптасатынын көрсетті.
Нұр-Сұлтанда «STOP туберкулез!» атты ауқымды қалалық акциясы өтеді
- Жарияланды 21.09.2019 17:20
- Қаралды: 1002
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы 23-ші қыркүйектен бастап 23-ші қазанға дейін «STOP туберкулез!» атты ауқымды қалалық акциясын өткізеді.
Бұл ұран – қала тұрғындары мен қонақтарына туберкулезді анықтау және алдын алу мәселелерін арттыру бойынша білім деңгейін және жеке өмірлік ұстанымдарына қатысты әрбір адамның өз денсаулығына белсенділігін қалыптастыруға шақырады.
Акция аясында келесі іс-шаралар өткізіледі:
- сауда орталықтарында, қала базарларында, әртүрлі тұрғын аудандарда елорда тұрғындары мен қонақтары тегін жылжымалы флюорографтан флюорографиялық тексеруден өтіп, туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша ақпарат ала алады;
- жұмыс күндері барлық қалалық емханаларында "Ашық есік күндері" өткізіледі және туберкулез сұрақтары бойынша кеңес алып, флюорографиялық тексеруден өтуге мүмкіндік болады. Фтизиатр дәрігерлер жүкті әйелдерді туберкулездің алдын алуы, жаңа туған нәрестелерге туберкулезге қарсы вакцинацияны өткізу туралы ағаттандыру әңгімесін жүргізуге шақырады.
- білім беру мекемелерінде туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша сынып сағаттары, ата-аналармен кездесулер өткізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция Департаментінің қолдауымен, тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарға флюорографиялық тексеруден өткізу ұйымдастырылады.
«Ішкі әлемге саяхат» атты тренинг өтті
- Жарияланды 13.09.2019 15:10
- Қаралды: 1176
«№7 емхана» психологтары Орынбаева А.С, Саурыкова Б.К, Горбанева Д.Г емхана қызметкерлерімен «Ішкі әлемге саяхат» атты тренинг өткізді. Тренингте метафоралық ассоцациялық карталар қолданылды. Тренинг барысында қызметкерлер бір-бірімен жақын танысып,көңіл-күйлері көтеріліп,белсенділік танытты.Тренинг қатты ұнағандарып айтып,алғыстарын білдірді.
Ақылы қызмет көрсету ережелері мен шарттарын түсіндіру бойынша халықпен кездесу
- Жарияланды 12.09.2019 16:17
- Қаралды: 1093

12.09.2019 жылы №7 қалалық емханасында денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызмет көрсету ережелері мен шарттарын түсіндіру бойынша халықпен кезекті кездесу өтті. (ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің № 304 бұйрығы негізінде)
Мектептегі семинар-дәрістер
- Жарияланды 10.09.2019 14:18
- Қаралды: 1083

Бүгін №7 қалалық емхана қызметкерлері емхана аумағында орналасқан мектептерде семинар - дәрістер өткізді. Сабақ 4-7 сынып оқушылары үшін өткізілді. Іс-шара тақырыбы: "Мектептер мен көшелерде оқушылардың қауіпсіз жүріс-тұрысы және осындай жағдайларда уақытылы жариялау".














