Туберкулездің алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті
- Жарияланды 24.09.2019 15:03
- Қаралды: 941
№7 қалалық емханасында халық үшін туберкулездің алдын алу бойынша "Тоқта туберкулез!" акциясы шеңберінде Ашық есік күні өтті.
Іс-шараға қатысушыларға Қазақстандағы туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай, аурудың алғашқы белгілері, асқынулар мен алдын алу, клиникалық жағдайлар, емдеу және алдын алу шараларын ұйымдастыру туралы ақпарат слайд нұсқасында берілді, бейнефильм көрсетілді.
Пациенттер үшін фтизиатр, терапевт дәрігерлеріне кеңес беру ұйымдастырылған. Қатысушылар "Абайлаңыз туберкулез!", "Туберкулездің алдын алу бойынша жадынама" жадынамаларын алды. Тақырып өзекті және қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Жүкті әйелдерді тууға дайындау мектебінде жыл сайынғы флюорографиялық тексеруден және т. б. уақытында өту, отбасында туберкулездің алдын алу туралы әңгімелесулер өткізілді.
Іс-шараның екінші тақырыбы: "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу".
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу әлі күнге дейін көптеген мәселелерді туындатады – оны не үшін енгізу қажет, ол қалай жұмыс істейтін болады және ең бастысы – кімге және қанша медициналық сақтандыру қорына төлеуге тура келеді.
Бүгін Қазақстан тұрғындары медициналық көмек үшін өз қалтасынан Денсаулық сақтау бюджетінің үштен бір бөлігінен асатын соманы төлейді. Бұл және басқа да МӘМС мәселелер туралы іс-шараға ақпарат берілді.