Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманының қатысуымен, этика және деонтология мәселелері бойынша семинар өткізілді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№7 қалалық емхана" МКК-да Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Б.А.Ташмакованың қатысуымен, этика және деонтология мәселелері бойынша семинар өткізілді. Осы іс-шара аясында медицина қызметкерлерімен тренинг өткізілді. Медицинадағы деонтология мен этика әрқашан үлкен мәнге ие болды. Бұл емдеу мекемелері қызметкерлерінің жұмыс ерекшелігіне байланысты. 

Медициналық этика және деонтология негіздері

Қазіргі уақытта өзара қарым-қатынас проблемасы (еңбек ұжымының ішінде де, пациенттермен де) ерекше мәнге ие болды.

Медициналық деонтология аспектілері:

• медицина қызметкерлерінің науқастармен қарым-қатынасы;

• медицина қызметкерлерінің науқастың туыстарымен қарым-қатынасы;

• медицина қызметкерлерінің өзара қарым-қатынасы.