"Туберкулездің алдын алу" тақырыбында семинар өткізілді

Медицина қызметкерлерінің білімін жетілдіру мақсатында, №7 қалалық емханада "Туберкулездің алдын алу", "ҚР ДСМ 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №994 "Туберкулез бойынша медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру нұсқаулығын бекіту туралы" тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында "Туберкулезді анықтау,диагностикалау, алдын алу және емдеу сияқты мәселелер қозғалды. Туберкулез қызметі бойынша есепке алу-есеп беру құжаттары. Халыққа профилактикалық егуді және басқаны өткізу туралы. 23.09.2019 жылы басталған "Тоқта туберкулез!" акциясы шеңберінде іс-шара өткізілді.

"Бахус" дүкенінің аумағында жылжымалы флюорографта халықты профилактикалық флюорографпен тексеру»

"№7 қалалық емхана" қызметкерлері "Бахус" дүкенінің аумағында жылжымалы флюорографта профилактикалық флюоротексеру жүргізілді. Флюорографиялық зерттеуден басқа, 2020 жылдың қаңтарынан бастап, халықпен туберкулездің алдын алу, жыл сайын флюорографиялық тексеру қажеттілігі және алдағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы әңгіме жүргізілді. Іс-шара "Тоқта туберкулез" акциясы аясында өткізілді.

Туберкулездің алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті

№7 қалалық емханасында халық үшін туберкулездің алдын алу бойынша "Тоқта туберкулез!" акциясы шеңберінде Ашық есік күні өтті. 

Іс-шараға қатысушыларға Қазақстандағы туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай, аурудың алғашқы белгілері, асқынулар мен алдын алу, клиникалық жағдайлар, емдеу және алдын алу шараларын ұйымдастыру туралы ақпарат слайд нұсқасында берілді, бейнефильм көрсетілді.  

Пациенттер үшін фтизиатр, терапевт дәрігерлеріне кеңес беру ұйымдастырылған. Қатысушылар "Абайлаңыз туберкулез!", "Туберкулездің алдын алу бойынша жадынама" жадынамаларын алды. Тақырып өзекті және қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Жүкті әйелдерді тууға дайындау мектебінде жыл сайынғы флюорографиялық тексеруден және т. б. уақытында өту, отбасында туберкулездің алдын алу туралы әңгімелесулер өткізілді. 

Іс-шараның екінші тақырыбы: "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу". 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу әлі күнге дейін көптеген мәселелерді туындатады – оны не үшін енгізу қажет, ол қалай жұмыс істейтін болады және ең бастысы – кімге және қанша медициналық сақтандыру қорына төлеуге тура келеді. 

Бүгін Қазақстан тұрғындары медициналық көмек үшін өз қалтасынан Денсаулық сақтау бюджетінің үштен бір бөлігінен асатын соманы төлейді. Бұл және басқа да МӘМС мәселелер туралы іс-шараға ақпарат берілді.

Туберкулезге қарсы күресу бойынша "Тоқта туберкулез!» акциясы

Бүгін туберкулезге қарсы күресу бойынша "Тоқта туберкулез!" акциясы шеңберінде "№7 қалалық емхана" қызметкерлерімен "Дәулет" СҮ аумағына іргелес тұрғын үй кешендерінің тұрғындары үшін жылжымалы флюорографта профилактикалық флюорографиялық тексеру жүргізілді. Іс - шарада емхана қызметкерлері туберкулездің алдын алу, жыл сайынғы флюорографиялық тексерудің маңыздылығы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Халық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, оны енгізу мерзімі туралы хабардар, МӘМС - әлеуметтік әділеттілік пен ынтымақтастық қағидаттары туралы да хабардар. Емхана қызметкерлері кеңестер мен әңгімелесулер өткізді, жаднамалар таратылды.

ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауына қатысты түсіндірмелі жұмыс өтті

Мемлекет басшысы: медициналық қызметтің сапасы мен қоллжетімділігін арттыру басымдық  болып табылады. 

№7 Қалалық емханада 2019 жылғы 2 қыркүйектегі ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауына қатысты түсіндірмелі жұмыстарды жүргізу мақсатымен емхана қызметкерлерімен жиналыс өткізілді. 

Жиналыс Қоғамдық денсаулық сақтау  басқармасының өкілі Нұрахметұлы Ильмурат  қатысуымен өтті, Басқарма өкілі биылғы жолдаудағы басты мақсаттар мен оларды жүзеге асыру жөнінде сөз қозғады. 

Аталмыш жиын 60-нен астам емхана қызметкерлерінің  қатысуымен өткізілді.