Туберкулезге қарсы күресу бойынша "Тоқта туберкулез!" акциясы шеңберінде!
- Жарияланды 04.10.2019 15:10
- Қаралды: 846
04.10.2019 жылы. Бүгін "№7 қалалық емхана" қызметкерлерімен туберкулезге қарсы күресу бойынша "Тоқта туберкулез!" акциясы шеңберінде "Магнум" СҮ аумағына жақын орналасқан тұрғын үй кешендерінің тұрғындары үшін жылжымалы флюорографта профилактикалық флюоротексеру жүргізілді.
Іс - шарада емхана қызметкерлері туберкулездің алдын алу, жыл сайынғы флюорографиялық тексерудің маңыздылығы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Халыққа міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, оны енгізу мерзімі туралы, МӘМС - әлеуметтік әділеттілік пен ынтымақтастық қағидаттары туралы да хабардар етілді. Емхана қызметкерлерімен кеңестер мен әңгімелесулер өткізілді, жаднамалар таратылды.