"Камаз-Инжиниринг"АҚ қызметкерлері арасында МӘМС бойынша АТЖ

07.10.2019 жылы. Бүгін "№7 қалалық емхана" қызметкерлері "Камаз-Инжиниринг" АҚ қызметкерлері арасында ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу әлі күнге дейін көптеген мәселелерді туындатады – оны не үшін енгізу қажет, ол қалай жұмыс істейтін болады және ең бастысы – кімге және медициналық сақтандыру қорына қанша төлеу керек?

Статистикалық есептердің мәліметтері бойынша, бүгін Қазақстан тұрғындары медициналық көмек үшін өз қалтасынан Денсаулық сақтау бюджетінің үштен бір бөлігінен асатын соманы төлейді. Қатысушыларға "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі. Жаңа модель" тұсаукесер ұсынылды.

Кездесу ұжымның міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы хабардар екенін, денсаулық сақтаудағы алда болатын өзгерістер туралы ақпаратты қызығушылықпен қабылдайтынын көрсетті. Кездесу диалог түрінде өтті. Қызметкерлер МӘМС негізгі принциптері, енгізу бойынша көптеген сұрақтарға жауап берді, одан кейін қатысушылар кітапшалар, буклеттер түрінде ақпараттық материалдар алды.

  • 0b7be256-7704-4339-8ba3-73652d65ae88
  • 551
  • 9b05da22-4640-4af9-8feb-ed60db769ff7