Балаларды қорғау күніне балаларға арналған Ашық есік күні өтті
- Жарияланды 01.06.2022 17:15
- Қаралды: 431
01.06.2022 ж. №7 емханада Балаларды қорғау күніне балаларға арналған Ашық есік күні Мереке 14 мекен-жайында «Интернациональный» тұрғындары үшін өткізілді. Емхана дәрігерлері (офтальмолог, невропатолог, психолог, стоматолог) пациенттермен консультациялар, әңгімесулер өткізді. 0-18 жас аралығындағы балалар профилактикалық тексеруден өтті.
Түрлі-түсті шарлармен безендірілген бас корпусының емхананың балалар ғимаратының холында психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер осы күні емханаға келген ата-аналар және балалармен флешмоб өткізді. Аниматорлармен ойын-сауық ойындары, асфальтта сурет салу конкурсы, ата-аналармен шағын тренингтер өткізілді. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар, жаднамалар таратылды. Қатысушылар емхана әкімшілігіне көңіл бөлгені, мейірімділігі, жылы шырайлы қарым-қатынасы үшін алғыстарын білдірді.
Назар! Хабарландыру!
- Жарияланды 31.05.2022 14:21
- Қаралды: 443
2022 жылы 1 маусым айында "Балаларды Қорғау Күні" мерекесіне орай Мереке көшесі 14 мекен-жайы бойынша 0-ден 18 жасқа дейін балалардың профилактикалық тексеруін ұйымдастырады.
Қабылдайтын дәрігерлер:
Невропатолог 09.00-ден 13.00-ге дейін.
Окулист 09.00-ден 13.00-ге дейін.
Тіс дәрігері 09.00 - ден 13.00-ге дейін.
Психолог 09.00 - ден 13.00-ге дейін.
Референдум мәселесі бойынша қызметкерлер жиналысы өтті.
- Жарияланды 31.05.2022 12:16
- Қаралды: 440
Бүгін №7 қалалық емханада 2022 жылғы 5 маусымда өтетін референдум мәселесі бойынша қызметкерлер жиналысы өтті.
Конституцияның өзгертуге жататын баптары айтылды.
Қыметкерлерге референдум өтетін учаскілері туралы ақпарат берділді.
Назар! Судағы қауіпсіздік ережелері
- Жарияланды 30.05.2022 11:46
- Қаралды: 406
Құрметті ата-аналар! Ауа райынының жылынуы мен жаздың келуіне байланысты суда шомылу уақыты да басталды. Алайда, суға түскен кезде (ашық су алаңдары, бассейндер, т.б.) кейбір сақтық шараларын сақтау шарт! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!