Балаларға арналған «Ашық есік күні» өткізіледі

2022 жылы Қазақстан Республикасындағы Балалар жылын іске асыру шеңберінде 2022 жылдың 20 мамыры – балаларға арналған «Ашық есік күні» өткізіледі.

Балаларды қабылдау 7-ші емхананың балалар ғимаратында жүзеге асырылады:

1. Невропатолог 09.00-дан 16.00-ге дейін. 304 кабинет

2. Көз дәрігері  08.00-дан 13.00-ге дейін 201 кабинет

3. Тіс дәрігері 09.00 – дан -16.00- ге дейін, 205 кабинет

4. Психолог 09.00 – дан - 16.00- ге дейін, 313 кабинет

5. Реабилитолог 09.00-ден 16.00-ге дейін 301 кабинет

Республикалық референдум

Қазақстанда 40 оңалту орталығы балалардың денсаулығын қалпына келтіруді жүзеге асырады

БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ФАКТІЛЕРІ:

Ағымдағы жылдың басынан бері республикада 8 жаңа заманауи оңалту орталығы және 2 ерте араласу орталығы (0-ден 3 жасқа дейінгі балалар үшін) ашылды.

Ағымдағы жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірлерінде 17 ерте араласу орталығын (0-ден 3 жасқа дейінгі балалар үшін) ашу күтілуде.

Соңғы екі жылда қалпына келтіру емі және оңалту төсектерінің саны 2 есеге артты (2575-тен 4216-ға дейін).

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 11 560 бала қалпына келтіру емінен өтті.

Сондай-ақ, амбулаториялық оңалту белсенді дамуда: 2022 жылдың 1 тоқсанында 4,2 мыңнан астам бала емханалар деңгейінде медициналық оңалтудан өтті.

Халықаралық Отбасы күніне арналған Ашық есік күні өтті

№ 7 емханада Халықаралық Отбасы күніне арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шараға біздің пациенттердің балалары мен емхана қызметкерлері қатысты.

Отбасының маңызды функцияларының бірі-баланы әлеуметтендіру. Іс-шара жағымды көңіл-күймен, конкурстармен және сыйлықтармен өткізілді. Барлығы өткізілген іс-шараға риза болды.