ҚР бронх демікпесі ауруының алдын алу күні өткізілді
- Жарияланды 04.05.2022 10:46
- Қаралды: 390
2022 жылғы 3 мамыр куні Қазақстан Республикасында бронх демікпесі ауруының алдын алу күні өткізілді. Осыған байланысты, №7 емханада "Ұлттық ғылыми медициналық орталығы" АҚ пульмонологы медицина қызметкерлеріне "Бронх демікпесін бақылауды жақсартудың заманауи шешімдері" тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға учаскелік терапевтер мен ЖТД дәрігерлері, тексеру кабинеттерінің дәрігерлері және арнайы мамандар қатысты.
Ашық есік күні өтті
- Жарияланды 03.05.2022 14:14
- Қаралды: 445
2022 жылы 3 мамыр күнінде №7 емханасында бронх демікпесінің алдын алу бойынша Ашық есік күні өткізілді.
Іс – шараның басты мақсаты- бронх демікпесі ауруының алдын алу мақсатында халықтың хабардарлығын арттыру.
Әр адам спирометриядан өтіп, тыныс алу жүйесін зерттеп, демікпе бақылау тестінен өтіп, мамандардан кеңес ала алды.
Ағаш отырғызу!
- Жарияланды 30.04.2022 15:39
- Қаралды: 397
Бүгін біздің қызметкерлер Елордамызды көгалдандыруға белсене қатысып, өз үлестерін қосты, өйткені ағаш отырғызу-игі іс!
Қатысқаны үшін барлығына алғыс айтамыз!
Назар! Тікелей эфир!
- Жарияланды 28.04.2022 18:44
- Қаралды: 423
Құрметті ата-аналар!!!
2022 жылғы 29 сәуір сағат 12:00-де "Балаларға екпе жасау", "Вакциналар жұмыс істейді" тақырыптарында Instagram платформасында тікелей эфир өткізілу жоспарлануда. Тікелей эфир сұрақ- жауап форматында өтеді. Сіздердің сұрақтарыңызға педиатрия бөлімінің меңгерушісі Омарова Айнур Муханбеталиевна жауап береді.
Парақшамызға ссылкасы https://instagram.com/emhana7
Нұр-Сұлтан қаласы әкімі ауыз ашарға сыйлықтар табысталды
- Жарияланды 28.04.2022 18:39
- Қаралды: 427
Ораза ұстаған қызметкерлерге Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгіновтен ауыз ашарға сыйлықтар табысталды.
Қызметкерлердің атынан қала әкіміне алғысымызды білдіреміз, зор денсаулық пен амандық тілейміз!