Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
- Жарияланды 17.06.2022 15:49
- Қаралды: 518
Бүгін № 7 емханада медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Әкімшілік емхана ұжымын зор денсаулық, амандық, табыс тілей отырып құттықтады.
Жоғары санатты уролог дәрігер Мұстафин Қанат Дәулеевич "Еңбек ардагері" медалімен марапатталды, сондай-ақ қызметкерлер ҚР ДСМ Құрмет грамотасымен, ҚР ДСМ Алғыс хатымен, ДСБ басшысының Құрмет грамотасымен, ДСБ басшысының Алғыс хатымен марапатталды. Емхана директоры дәрігерлерге, медбикелерге және кіші медициналық қызметкерлерге грамоталар тапсырды. Емхана қызметкерлері үшін концерт ұйымдастырылды.
«Балаларды иммунизациялау» тақырыбы бойынша дәріс өтті
- Жарияланды 09.06.2022 16:56
- Қаралды: 441
2022 жылғы 9 маусым айында №7 емхананың эпидемиолог маманы «Балаларды иммунизациялау» тақырыбы бойынша дәрігерлер мен медбикелерге дәріс өткізді. Дәріске учаскелік педиарлар мен ЖТД дәрігерлері және арнайы мамандар қатысты.
4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні
- Жарияланды 04.06.2022 09:27
- Қаралды: 439
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні.
Тура 30 жыл бұрын мемлекетіміздің айрықша белгілері бекітілді: Елтаңба, Әнұран, Ту - Тәуелсіздігіміздің тұмарына ғана емес, еліміздің қалыптасу нышанына айналды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай жиналыс өткізілді.