Халықаралық шала туылған нәрестелер күні
- Жарияланды 17.11.2024 13:51
- Қаралды: 35
Халықаралық шала туылған нәрестелер күні жыл сайын 17 қарашада бүкіл әлемде атап өтіледі.
Ол 2009 жылы Еуропалық жаңа туған нәресте күтімі қорының (European Foundation for the Care of Newborn Infants, EFCNI) бастамасымен құрылды.
Бұл күнді атап өтудің мәні -мерзімінен бұрын босану туралы хабардарлықты арттыру және шала туылған нәрестелердің мәселелеріне назар аудару. 40 апта – нәрестені көтерудің стандартты мерзімі.
Шала туылудың алдын алу:
1.Бала кезінен бастап болашақ ананың денсаулығын сақтау.
2.Болашақ ананың созылмалы инфекция ошақтарын уақытылы қалпына келтіру.
3.Жүктілікті жоспарлау.
4.Жүктілік барысында қолайлы жағдайлар жасау.
5.Әйелдер консультациясында жүкті әйелді үнемі бақылау.
6.Жүкті әйелдің жаман әдеттерден бас тартуы.