Мектеп оқушыларына лекция өткізілді
- Жарияланды 21.11.2024 15:52
- Қаралды: 13
2024 жылдың 18-21 қараша аралығында №64,63,42 мектептерінде "Шаңырақ" жастар денсаулық орталығының мамандары акушер-гинеколог Шолпан Қосмұратқызы Битемирова, психолог Жанат Алдабергенқызы Асылбекова және салауатты өмір салты дәрігері Назерке Мәділбекқызы Ашимова "Жасөспірім қыздардың репродуктивті денсаулығы және жыныстық тәрбиесі" тақырыбында дәрістер өткізді.
Анамен сенімді қарым-қатынас, салауатты өмір салтын ұстану әдеті, интеллектуалды, рухани даму, өз денсаулығына назар аудару, өзін және өз денесін құрметтеу, жеке шекараларды құра білу және басқа адамдардың шекараларын құрметтеу-мұның бәрі қыздың репродуктивті денсаулығының негізі және болашақта салауатты, үйлесімді тұлғааралық қатынастарды қалыптастырудың негізі болып табылады.
Қыздардың пікірталасқа белсенді қатысуы пікір алмасу үшін қауіпсіз кеңістік құруға мүмкіндік берді.