Гипертониямен күрес күніне арналған ашық есік өтті

2023 жылдың 18 мамырында №7 қалалық емханада «OMRON»  компаниясының өкілімен Гипертониямен күрес күніне арналған «Артериялық қысымыңызды дәл өлшеңіз. Оны басқарыңыз. Ұзақ өмір сүріңіз» атты акция өтті. Шара барысында қан қысымын өлшеудің дұрыс техникасы, сондай-ақ қан қысымын өлшеу кезінде жиі кездесетін қателіктер бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Жаңа сымсыз тонометрлер мен жүрекшелердің фибрилляциясын анықтау мүмкіндігі бар тонометрлер таныстырылды.

Дүниежүзілік меланомамен күрес күні аясында

Сенбі күні, 20 мамырда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Ұлттық онкологиялық ғылыми орталығының клинико-диагностикалық орталығында терінің қатерлі ісіктерінің алдын алу және ерте анықтау бойынша ашық есік күні өтеді.

Акция Дүниежүзілік меланомамен күрес күні аясында өткізілуде.

Меланома тері қатерлі ісігінің сирек кездесетін, бірақ өте қауіпті түрі және медициналық тексеруді қажет етеді!

Тері обырын ерте диагностикалаудың маңыздылығы дамудың бастапқы кезеңдерінде емделу ықтималдығының айтарлықтай артуымен түсіндіріледі.

Ашық есік күнінде емделушілер онкологтардың тегін білікті кеңесін ала алады және дерматоскопиялық тексеруден өтеді.

Халықаралық отбасы күніне орай ашық есік күні өтті

2023 жылдың 13 мамыры No7 қалалық емхананың ересектер ғимаратында Халықаралық отбасы күніне орай ашық есік күні өтті. Шараға көп балалы ата-аналар шақырылып, денсаулықтарын тексеру үшін келесі дәрігерлердің қабылдауынан өте алды:

Халықаралық отбасы күніне арналған іс-шара өтті

2023 жылдың 12 мамыры No7 қалалық емхананың Балалар ғимаратында Халықаралық отбасы күніне арналған іс-шара өтті. Балаларға арналған «Анам, әкем, мен – бірге біз бір отбасымыз» атты арт-терапия ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар жануарлар мен жемістердің суреттерін тапты.