9-11 сынып оқушы қыздарына дәріс өтті
- Жарияланды 28.11.2022 16:25
- Қаралды: 357
Гинеколог Т. Мұратқызы және СӨС дәрігер З. Андосова №44 мектеп – гимназиясының 9-11 сынып оқушы қыздарына «Ерте жүктілікті алдын алу», «АИТВ инфекциясын алдын алу» тақырыбтарында дәріс өткізді.
Дәріс барысында оқушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жасап алып, таратпа маериалдармен танысты.
ЖСН алған сәттен бастап кәмелетке толғанға дейінгі барлық балалар МӘМС жүйесінде мемлекет есебінен сақтандырылған
- Жарияланды 23.11.2022 12:28
- Қаралды: 362
Бүгінгі күні еліміздің емханаларына 0 - ден 18 жасқа дейінгі (толық 17 жасқа дейінгі) 6,5 миллионнан астам бала тіркелген.
Олардың барлығы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде де, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде де мемлекет жарналарын төлейтін азаматтардың жеңілдетілген санаты ретінде медициналық қызметтерге толық қол жеткізе алады.
Айта кету керек, жыл сайын емханаға тіркелген балалар саны артып келеді. 2021 жылы емханаларға азырақ – 6,46 миллион бала тіркелген.
Қандай аурулар кезінде сізге МӘМС мәртебесі керек болмайды?
- Жарияланды 16.11.2022 15:25
- Қаралды: 342
Бізге жиі сұрақ қойылады: "Егер мен МӘМС жүйесінде сақтандырылмасам, бірақ менде артериялық гипертензия/ онкологиялық ауру/қант диабеті және т. б. болса, мені медициналық көмексіз қалдыру мүмкін бе?"
Біз жауап береміз: "Жоқ!". Егер сізде бір немесе бірнеше әлеуметтік маңызы бар немесе созылмалы аурулар болса, сізге осы ауруға негізделген барлық қажетті жоспарлы медициналық көмек көрсетіледі.
Егер сізде сақтандыру мәртебесі болмаса да. Бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен, яғни ТМККК пакетімен қарастырылған.
Бірақ! Ол үшін Сіз тіркелген жеріңіз бойынша емханада диспансерлік есепте тұруыңыз керек.
«Етеккір цикл фазалары» тақырыбында дәріс өтті
- Жарияланды 09.11.2022 18:20
- Қаралды: 379
Гинеколог Е. Кисыкова №37 мектеп – гимназиясының 9-11 сынып оқушы қыздарына «Етеккір цикл фазалары» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында оқушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жасап алып, таратпа маериалдармен танысты.