Еңбек заңнамасы және комплаенс: жаңа түзетулер медициналық ұйым үшін неге маңызды?
- Жарияланды 22.05.2026 11:17
- Қаралды: 80

Еңбек заңнамасы және комплаенс: жаңа түзетулер медициналық ұйым үшін неге маңызды.
Астана қаласы әкімдігінің «№7 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-де комплаенс-офицер 2026 жылғы 8 маусымнан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасындағы өзгерістер бойынша қызметкерлерге түсіндіру дәрісін өткізді.
Өзгерістер Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 7 сәуірдегі №277-VIII «Қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында көзделген. Аталған түзетулер жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауды күшейтуге, жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруға, еңбекті қорғау мәселелерін жетілдіруге және еңбек қатынастарын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттармен алмастырудың алдын алуға бағытталған.
Баланың сау тістері — әдемі күлкінің ғана емес, жалпы денсаулығының маңызды бөлігі
- Жарияланды 21.05.2026 17:47
- Қаралды: 100
Баланың сау тістері — әдемі күлкінің ғана емес, жалпы денсаулығының маңызды бөлігі. Біздің мамандар балаларға жайлы орта қалыптастырып, ем қабылдауды қорқынышсыз әрі қауіпсіз өткізуге көмектеседі.
Балаларды оңалту бөлімінің жұмысы
- Жарияланды 21.05.2026 16:41
- Қаралды: 83
Балаларды оңалту бөлімі – бүлдіршіндердің денсаулығын қалпына келтіру жолында.
Біздің емханада балаларға арналған оңалту бөлімі жұмыс жасайды. Мұнда дәрігерлер мен мамандар әр баланың денсаулығын жақсартуға, қозғалыс белсенділігін арттыруға және толыққанды дамуына көмектеседі.
«Психикалық денсаулық» және «Темекіге психологиялық тәуелділік» тақырыптарында лекция
- Жарияланды 20.05.2026 14:31
- Қаралды: 105
№38 мектепте психолог мамандардың қатысуымен «Психикалық денсаулық» және «Темекіге психологиялық тәуелділік» тақырыптарында лекция өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға психикалық денсаулықты сақтау жолдары, күйзелістің алдын алу, эмоционалдық тұрақтылықтың маңыздылығы, сондай-ақ темекінің адам психологиясына кері әсері туралы ақпарат берілді.
№64 мектепте туберкулез ауруының жұғу жолдары мен алдын алу шаралары бойынша лекция
- Жарияланды 20.05.2026 14:09
- Қаралды: 70
№64 мектепте туберкулез ауруының жұғу жолдары мен алдын алу шаралары бойынша санитариялық-ағарту жұмысы жүргізіліп, оқушыларға арналған лекция ұйымдастырылды.
Лекция барысында туберкулездің ауа-тамшы жолы арқылы таралатыны, аурудың негізгі белгілері, ерте анықтаудың маңыздылығы және жеке бас гигиенасын сақтау туралы түсіндірілді.














