Наурыз мейрамы құтты болсын!
- Жарияланды 20.03.2026 13:46
- Қаралды: 92
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Сіздерге зор денсаулық, молшылық, бақ-береке және әр шаңыраққа шаттық тілейміз. Ұлыстың ұлы күні баршаңызға жақсылық пен жаңару әкелсін!
Наурыз көже - береке бастауы
- Жарияланды 20.03.2026 12:50
- Қаралды: 90

Емханада Наурыз мейрамы қарсаңында ата дәстүрімізге сай қасиетті Наурыз көже дайындалып, пациенттер мен қызметкерлерге ұсынылды.
Наурыз көже — береке, бірлік пен адал ниеттің символы, жеті түрлі дәмнен (ет, сүт, су, тұз, май, дән, ұн) жасалады. Ол қыстан аман шығуды, тоқшылықты, жаңаруды білдіріп, көрші-қолаңды бір дастарханға жинап, татулықты нығайтады.
Ұлыстың ұлы күні әр шаңырақ бұл тағамды молшылық пен берекенің нышаны ретінде әзірлеп, жаңа жылды ақ тілекпен қарсы алуға мән береді.














