Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберіндегі тегін скринингтер: денсаулықты қалай сақтауға болады?
- Жарияланды 08.10.2025 10:52
- Қаралды: 135
07.10.2025ж сағат 11:00-де Астана қаласының Коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен «Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберіндегі тегін скринингтер: денсаулықты қалай сақтауға болады» тақырыбында брифинг өтті.
Брифингке емханамыздың медицина жөніндегі директордың орынбасары Тиштенова Асем Калихайдаровна қатысты.
Инсульттің алғашқы белгілерін дер кезінде таныңыз!
- Жарияланды 30.09.2025 11:10
- Қаралды: 123
Инсульттің алғашқы белгілерін дер кезінде таныңыз!
№7 қалалық емхананың невропатолог дәрігері FAST тест жайлы түсіндіреді:
F (Face – бет): Адамнан күлуін сұраңыз. Беттің бір жағы қимылдамай қалуы мүмкін.
A (Arms – қол): Қолдарын көтеріп тұруын өтініңіз. Бір қолы төмен түсіп кетуі мүмкін.
S (Speech – сөйлеу): Қарапайым сөйлем айтуын сұраңыз. Сөйлеуі бұзылып, анық естілмеуі мүмкін.
T (Time – уақыт): Егер осы белгілердің бірін байқасаңыз – уақытты жоғалтпай, дереу «103»-ке қоңырау шалыңыз!
Инсульт кезінде әрбір минут маңызды. Ерте көрсетілген көмек адамның өмірін сақтап, денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
29 қыркүйек - Дүниежүзілік жүрек күні
- Жарияланды 29.09.2025 10:55
- Қаралды: 109
29 қыркүйек – Дүниежүзілік жүрек күніне орай, "Хабар" арнасының "Оян" бағдарламасына емханамыздың кардиолог дәрігері Маломанова Назира Тыиштыковна қатысып, жүрек саулығын сақтау жолдары туралы пайдалы ақпаратпен бөлісті.
29 қыркүйек - Дүниежүзілік жүрек күні (2)
- Жарияланды 29.09.2025 10:55
- Қаралды: 99
29 қыркүйек – Дүниежүзілік жүрек күніне орай, "Хабар" арнасының "Оян" бағдарламасына емханамыздың кардиолог дәрігері Маломанова Назира Тыиштыковна қатысып, жүрек саулығын сақтау жолдары туралы пайдалы ақпаратпен бөлісті.
28-қыркүйек - Халықаралық құлақ естімейтіндер күні
- Жарияланды 29.09.2025 10:35
- Қаралды: 111
Халықаралық құлақ естімейтіндер күні
Бүгін біз есту қабілеті шектеулі жандарға қолдау көрсетудің маңыздылығын еске саламыз.
Бұл күн – инклюзияны дамытуға, түсіністікке және әрбір адамның қоғамдағы орнын бағалауға шақырады.














