Инсульттің алғашқы белгілерін дер кезінде таныңыз!
- Жарияланды 30.09.2025 11:10
- Қаралды: 95
Инсульттің алғашқы белгілерін дер кезінде таныңыз!
№7 қалалық емхананың невропатолог дәрігері FAST тест жайлы түсіндіреді:
F (Face – бет): Адамнан күлуін сұраңыз. Беттің бір жағы қимылдамай қалуы мүмкін.
A (Arms – қол): Қолдарын көтеріп тұруын өтініңіз. Бір қолы төмен түсіп кетуі мүмкін.
S (Speech – сөйлеу): Қарапайым сөйлем айтуын сұраңыз. Сөйлеуі бұзылып, анық естілмеуі мүмкін.
T (Time – уақыт): Егер осы белгілердің бірін байқасаңыз – уақытты жоғалтпай, дереу «103»-ке қоңырау шалыңыз!
Инсульт кезінде әрбір минут маңызды. Ерте көрсетілген көмек адамның өмірін сақтап, денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.














