«Жаман әдеттердің алдын алу» тақырыбында танымдық дәріс
- Жарияланды 21.10.2025 13:57
- Қаралды: 150
№7 қалалық емханаға қарасты №64 мектепте оқушылар арасында «Жаман әдеттердің алдын алу» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді. Іс-шараны емхананың психологы Амантаева Шырай ұйымдастырып, жүргізді.
Дәріс барысында оқушыларға жаман әдеттердің — темекі шегу, ішімдік ішу, гаджеттерге тәуелділік және басқа да зиянды әрекеттердің — адам ағзасына, психикалық саулығына және болашақ өміріне тигізетін кері әсерлері жан-жақты түсіндірілді.















