Анонс! Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы
- Жарияланды 05.06.2026 16:22
- Қаралды: 106
АНОНС!
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 7 Қалалық емхана» МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 7 Қалалық емхана» МКК Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі №4 Үлгілік базалық бағыт жобаларын іске асыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Емхана қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 7 Қалалық емхана» МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі екі бағыт бойынша жүргізілді:
- Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 7 Қалалық емхана» МКК қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 7 Қалалық емхана» МКК ұйымдық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Осыған байланысты барлық ниет білдіруші азаматтарды 2026 жылғы 10 маусымда сағат 12:00-де өтетін жария талқылауға қатысуға шақырамыз.
Өткізілетін орны: Астана қаласы, Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, 29, 3-қабат (мәжіліс залы).
Жария талқылауға қатысуға ниет білдірген тұлғалар қосымша ақпарат алу үшін 8-747-650-35-70 телефон нөмірі арқылы хабарласа алады.
4-маусым - ҚР Мемлекеттік рәміздер күні
- Жарияланды 04.06.2026 15:03
- Қаралды: 94
Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы!
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай емханамызда Мемлекеттік Әнұран орындалып, ұлттық құндылықтарымызға деген құрмет білдірілді.
Сондай-ақ заңгер Т.Ерболатқызы «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміз бен егемендігіміздің айғағы» тақырыбында баяндама өткізді.
Көк Туымыз көкте желбіреп, Елтаңбамыз елдігімізді айшықтап, Әнұранымыз жүрегімізде мәңгі жаңғыра берсін!
Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
#АстанаМемлекеттікрәміздеркүні, #Меніңрәміздерімменіңмақтанышым
4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні
- Жарияланды 04.06.2026 09:27
- Қаралды: 91

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің, ұлттық бірлігі мен мақтанышының айқын белгісі. Көк Ту, Елтаңба және Әнұран халқымыздың тарихын, мәдениетін және рухани құндылықтарын бейнелейді.
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні
- Жарияланды 01.06.2026 10:45
- Қаралды: 90

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай барша бүлдіршіндерді және олардың ата-аналарын мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Балалардың дені сау, бақытты, білімді әрі жарқын болашаққа нық қадам басуы – баршамыздың ортақ міндетіміз. Әр бала мейірімге, қамқорлыққа және қауіпсіз ортада өсуге лайық.
Сіздерге көтеріңкі көңіл-күй, шаттық пен қуаныш тілейміз! Балалардың күлкісі әрдайым үйімізді нұрға бөлеп, өмірімізге қуат сыйласын!
Балалардың көру қабілетінің профилактикасы
- Жарияланды 22.05.2026 11:32
- Қаралды: 97
Балалардың көру қабілетінің профилактикасы
Ата-аналар үшін балалардағы көру қабілетінің бұзылуының алғашқы белгілеріне дер кезінде назар аудару өте маңызды. Уақытылы тексеруден өту мәселені ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.














