Еңбек заңнамасы және комплаенс: жаңа түзетулер медициналық ұйым үшін неге маңызды?
- Жарияланды 22.05.2026 11:17
- Қаралды: 29
Еңбек заңнамасы және комплаенс: жаңа түзетулер медициналық ұйым үшін неге маңызды
Астана қаласы әкімдігінің «№7 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-де комплаенс-офицер 2026 жылғы 8 маусымнан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасындағы өзгерістер бойынша қызметкерлерге түсіндіру дәрісін өткізді.
Өзгерістер Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 7 сәуірдегі №277-VIII «Қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында көзделген. Аталған түзетулер жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауды күшейтуге, жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруға, еңбекті қорғау мәселелерін жетілдіруге және еңбек қатынастарын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттармен алмастырудың алдын алуға бағытталған.
Дәріс барысында азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарға, үстеме жұмысты есепке алуға, уақытша болмаған жұмыскерлерді алмастырғаны үшін ақы төлеуге, ұжымдық шартқа, келісу комиссиясының жұмысына, еңбекті қорғауға және жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібіне қатысты негізгі түзетулер қаралды.
Медициналық ұйым үшін аталған мәселелердің маңызы жоғары, себебі еңбек қатынастарын дұрыс ресімдемеу жұмыскерлердің шағымдарына, тексерулерге, сот дауларына, қаржылық шығындарға және беделдік тәуекелдерге алып келуі мүмкін.
Дәріс өткізу құқықтық, кадрлық және ұйымдастырушылық тәуекелдердің алдын алуға, ішкі процестердің ашықтығын арттыруға және еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған комплаенс арқылы алдын алу жұмысының бір бөлігі болып табылады.















